Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру



Pdf көрінісі
бет21/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру. 
Тергеуші (сот) сараптаманың түрі мен міндеттерін анықтап алған соң, 
сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды анықтап алуы қажет. Дәлелдеу 
субъектілері әдістемелік және процессуалдық талаптарды басшылыққа ала 
отырып, сараптамалық сұрақтарды анықтау қажет. Сұрақтар сарапшының 
құзыретінің және мамандығының шегінен тыс болмауы қажет.
Сарапшының алдына қойылатын сұрақтар логикалық реттілікпен 
құрастырылуы қажет, яғни ең алдымен сот, тергеуге қажет маңызды жалпы 
фактілерді, кейін нақты мән-жайларды анықтау керек. 
Өзінің мазмұны жағынан сарапшыға қойылатын сұрақтар нақты бола 
тұра, қатысушылар үшін қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Заң шығарушымен сарапшыға құқықтық мазмұндағы сұрақтар қоюға 
тыйым салынады. 
Сараптама жүргізу үшін қажетті алғашқы деректерді дайындау. 
Тергеуші (сот) сараптамаға жолданатын материалдармен танысып алуы 
қажет. Мұндай зерттеу объектілеріне сараптамалық зерттеу үшін қажет 
үлгілерді, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша материалдарды 


25 
оның ішіндегі зерттеуге жататын заттай дәлелдемелерді, құжаттарды 
айтамыз.
Алғашқы деректерді беру кезінде тергеуші (сот) аталған объектілерге 
қойылатын жол берушілік, шынайлық, қатыстылық сияқты процессуалдық 
талаптарды ескеруі қажет. 
Сот сараптамасын тағайындау барысында, сараптаманы тапсыру 
сатысы маңызды рөлге ие, ол өз құрамына келесі элементтерді кіргізеді, олар: 

Сараптаманы тағайындау туралы қаулы шығару; 

Сарапшыны немесе сараптамалық мекемені таңдау; 

Материалдарды сарапшыға не сарптама органдарына жіберу. 
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының нысаны мен мазмұны 
процессуалды құжат ретінде арнайы қарастырылуға жататын мәселе. Сол 
сияқты, жоғарыда көзделеген ұйымдастырушылық сұрақтар аталған 
құжаттың орындалуына әсер етеді және оның жағдайларының сарапшы не 
сараптамалық мекемелермен толық түрде жүзеге асуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет