Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот сараптамасын тағаайындаудың ұйымдастырушылық



Pdf көрінісі
бет20/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

4 тақырып. Сот сараптамасын тағаайындаудың ұйымдастырушылық 
сұрақтары. Қазақстан Республикасының сот сараптама мекемелері 
 


24 
Сот сараптамасын тағайындау барысында ұйымдастырушылық 
сұрақтарды шешіп алу қажет. Аталған жағдай процессуалдық шешім 
қабылдауға, сот сараптамалық мекемені тағайындауға немесе нақты 
сарапшыны таңдауға түрткі болады.
Ұйымдастырушылық сұрақтар сараптаманы тағайындаудың сатысына 
қатысты болады, олар өз алдына дайындық және сараптаманы тапсыру 
сатыларына бөлінеді.
Дайындық сатысы ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуді қажет 
ететін келесі кезеңдерге бөлінеді: 

Сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдау. 
Аталған кезең, алдын-ала тергеу процесі немесе сот талқылау кезінде, 
іс үшін маңызды мән-жайларды анықтау үшін арнайы ғылыми білімді 
қолдануды қажет ететін жағдайлардың пайда болуын білдіреді. Басқа сөзбен 
айтқанда, сот немесе тергеу үшін дәлелдерді арнайы ғылыми білімді қолдана 
отырып алу қажет болғанда, олар сот сараптамасын тағайындау туралы 
процессуалды шешім қабылдайды.
 

Сот сараптаманың нақты түрін анықтау. 
Аталған сұрақты шешу сараптамалық білімді тартуды қажет 
етеді.Осыған қатысты сот, тергеуші орын алатын сараптамалардың топтарын 
және олардың мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет. Мәселен, сараптаманың 
процессуалдық түрін (қосымша, қайталама) қате анықтау, сараптаманы 
тағайындаудың процессуалдық кемшіліктеріне әкеп соғуы мүмкін, яғни 
сарапшының сараптама жүргізуден бас тартуын айтамыз. 

Сараптамалық сұрақтарды шешетін міндеттерді анықтау. 
Тергеуші (сот) алдында тұрған міндеттерді нақты анықтап алуы қажет, 
ол өз алдына сараптамалық мақсаттарды шешуге ықпал етеді, сараптама 
жүргізудің қажетті және жеткілікті шектерін анықтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет