26
болу мерзімдерін ұзартудың ерекшеліктері осы Заңның 37-бабының 2
және 3-тармақтарында белгіленген.
Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы
критерийлерін,
олардың
күрделілік
санаттарына
қарай
сот
сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот
сараптамасын
жүргізу
мерзімін
ұзарту
тәртібін
Қазақстан
Республикасының
Әділет
министрлігі
және
Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы
белгілейді.
Осы Заңда белгіленген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді тоқтата
тұру ол үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ он
тәуліктен асырылмай жүргізіледі. Егер сот сараптамасын жүргізуді
тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде
жойылмаса, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның)
атына қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама
жіберіледі.
Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудің мүмкін
еместігі туралы хабарлама олар жасалғаннан кейін үш тәулік ішінде
сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: