50
Сарапшы объектінің әсіресе сыртқы көрінісіне аса назар аударуы керек,
яғни объектіні алу, сақтау, буып-түю және жеткізу ережелерінің сақталуына
және олардың жеткілігіне, зерттелу үшін жарамдылығына көңіл бөлуі қажет.
Егер сарапшыға қосымша
материалдар қажет болса, мұндай
материалдар сараптама тағайындаған органмен сұратылады.
Аталған
жағдайда сараптаманың мерзімі өтініш түскен, қосымша материалдар алған
күннен немесе өтініштен бас тартқан күннен басталып тоқтатылады.
Өтінішті қанағаттандыру мүмкін болмағанда
немесе одан бас тартқан
жағдайда материалдар орындалмай қайтарылады.
Зерттеу үшін жіберілген алғашқы деректер толық,
жеткілікті және
жарамды болған кезде, сарапшы сараптаманың
алдына қойылған
сұрақтардың мәнін құқықтық және дұрыстығы жағынан анықтайды.
Бір уақытта сарапшының құзыреттілі мен материалды-техникалық
базаның зерттеу үшін жарамдылығы тексеріледі.
Зерттеуге дейін сарапшы келесі жағдайларға сәйкес көзі жетсе:
алдына қойылған сұрақтар сарапшының
білімінің шеңберінен
тыс;
ұсынылған материалдар жарамсыз немесе қорытынды беру үшін
жеткіліксіз, оларды толықтыру мүмкін емес;
қойылған сұрақтарға ғылымның жағдайы мен сараптамалық
тәжірбие жауап беруге мүмкіндігі жоқ, сарапшы қорытынды беру
мүмкін еместігі туралы негізделген
қорытынды беріп және оны
сараптама тағайындаған тұлғаға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: