Альтернативті (ұқсас) нәтиже – аталған екі фактінің біреуі орын
алған жағдайды айтамыз. Аталған жағдайда дұрысырақ шешімді іс бойынша
бар дәлелдемелердің жиынтығын бағалай отырып, дәлелдеу субъектісі
таңдайды. Тәжірбиеде шартты нәтиже деген ұғымдар кездеседі, олар белгілі
бір жағдайлар орын алған кезде оң нәтиже береді.
Қорытынды нәтиже - сараптамалық зерттеудің нәтижелерін
рәсімдеуді білдіреді. Сараптамалық тәжірбиеде мазмұнды сараптамалық
зерттеулер өзінің орнын сараптамалық қорытындыларда таппайды және
керсінше, сапасыз нәтижелер қағаз жүзінде дұрыс рәсімделіп, көзбояушылық
туғызады. Егер бұрмалау фактісін дәлелдеу субъектілерімен сарапшының
қорытындысын біліктілік деңгейде бағалау мүмкін болса, жүргізілген
зерттеулердің нәтижелерінің толық еместігін, сол сияқты сарапшы
қорытындысын рәсімдеудің әдістемелік қателіктерін барлық жағдайда түзеу
мүмкін емес.
Сарапшы қорытындысын рәсімдеудің қателіктерін аталған құжатты
рәсімдеу ережелерін нормативті реттеу арқылы түзету мүмкін. Сарапшы
қорытындысының мазмұны мен нысаны ҚР ҚІЖК 251 б., 2 бөлімінде және
сот сараптама өндірісінің Нұсқауында, сонымен қатар ҚР Әділет
Министрлігінің Сот сараптама орталығының арнайы зерттеулерінде
бекітілген (ҚР Әділет Министірлігінің 2002 жылғы 24 қазандағы N 158
бұйрығы) .
Сонымен қатар, жоғарыдағы жағдайларды талдай отырып, сот
сараптама зерттеулерін жүргізуі әдістемесі сот сараптама нәтижелерін
бағалаудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар,
сараптамалық зерттеудің алуан-түрлі әдістемелік факторларын ескеру қажет,
оларды тиімді жүзеге асыру кезінде туындайтын сұрақтарды шешу үшін сол
мамандық мамандарының көмегіне жүгіну қажет.
9 тақырып. Сарапшының қорытындысы: құрылымы, мазмұны және бағалануы