Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Тұлғаның құқықтарын қорғау сараптамалық зерттеу үшін үлгілер



Pdf көрінісі
бет34/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Тұлғаның құқықтарын қорғау сараптамалық зерттеу үшін үлгілер 
алған кезде өзекті сипатқа ие. Осыған сәйкес, үлгілерді алудың әдіс-
тәсілдері адамдардың денсаулығы мен өміріне зардап келтірмеуі қажет. 
Күрделі медициналық процедураларды не әдістерді қолдану, егер адам 
үшін ауыртпалық сезім тудыратын болса, ол сол тұлғаның келісімімен 
жүргізілуі керек. Аталған тұлға кәмелетке толмаған не психиатриялық 
ауыруға шалдықан болса, оның өкілдерінің келісімімен ғана ол 
тұлғалардан сараптамалық зерттеу үшін үлгілері алынады (ҚІЖК 262 
б.). 
Үлгілерді алу тергеу әрекеті болғандықтан, оны орындау үлгі алынатын 
тұлғалар үшін міндетті. Сезікті, айыпталушы үлгі алу үшін келуден бас 
тартса, олар еріксіз түрде алып келінеді. Жәбiрленушi мен куәден үлгiлер 
алу, мұндай әрекеттi жасауды сезiктi, айыпталушы өзiн қылмыс жасады деп 
әшкерелейтiн айғақтарды тексеру үшiн табанды түрде талап еткеннен, 
сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтау үшiн, 
мұндай анықтау iс үшiн маңызы болғанда үлгiлер алу қажет болғаннан басқа 
жағдайларда, жәбiрленушi мен куәнiң келісімiмен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
Жәбiрленушiден, куәдан осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған жағдайларда, 
сондай-ақ өтініш берушіден және өтініш беруші қылмыс жасаған деп тікелей 
көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға прокурордың санкциясымен 
немесе соттың шешiмi бойынша ғана жол берiледi (ҚІЖК 263 б). 
Қатысушылардың құқықтарын қорғау кепілі туралы мәселені ескере 
отырып, Жоғарғы Соттың «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы 
туралы» 26.11.2004 жылғы № 16 қаулысына сәйкес, сараптамалық зерттеу 
үшін үлгілер алу, бекіту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы елеулі түрде 
бұзылатын болса, соның негізінде сараптама жүргізіліп қорытынды жасалса, 
мұндай сарапшының қорытындысы жол берілмейтін дәлелдемелерге жатады. 
Аталған қаулылардың тізімінде процеске қатысушылардың сараптаманы 
тағайындау мен жүргізу кезінде құқықтарының бұзылуы туралы айтылған. 
Сол сияқты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 20.04.2006 
жылғыф № 4 нормативті қаулысына сәйкес, сараптаманы уәкілеттігі жоқ 
орган тағайындаса, не қаулы шығарылмаса, не заңның өзге де 
бұзушылықтарының нәтижесінен сарапшының қорытындысы жасалса, 
мұндай қорытындының дәлелдемелік күші болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет