93
анықтау. Пайда болу қайнар көздері дегеніміз – зерттеп отырған
объектілердің мерзімі, орны және сақталуы, пайдаланылуы және
дайындалуының өзге де жағдайларының сәйкестігін анықтауын айтамыз.
Зерттелу объектілері дегеніміз – аңшылық патронның жабдықтары: атылған
гильзалар, бытыра, пыждар, төсемелер, оқ-дәрілер немесе олардың
жиынтығы – жабдықталған патрондардың жүйесі.
Оқиға болған жерден аңшылық патронның өзі немесе оның жеке
компоненттері табылуына қатысты сараптаманың алдына сұрақтар
қойылады.
Көп жағдайда сот-баллистикалық сараптаманың объектісі снаряд
(дробь, картечь, оқ) болып табылады. Аталған объектілерді табу кезінде
оларды сезіктіден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінен алынған
заттай дәлелдемелермен теңдестіру сұрақтары туындайды.
Пыждар мен төсемелер көп жағдайда қолдан жасалады. Пыждарды
дайындау кезінде әр түрлі мақсаттарға тағайындалған киіз материалдарын
қолданады. Төсемелер картоннан жасалады (ораушы картон, кітаптың
қаптамалары т.с.с.).
Қолдан жасалаған оқтар қорғасын шыбықтардан, пластиналардан
шабудың және кейін оны таптап тегістеу және соғу арқылы жасауға және
балқытып құюға болады, яғни – бытыра-таптама. Шабылған және таптап
тегістелмеген бытыра немесе картечь «сечка» деп аталады. Егер оқиға болған
жерде осындай бытыра табылса, онда сезіктіден тінту кезінде дайын оқ-
дәрілерден басқа оны жасаған саймандарды, материалдарды (тістеуіш,
кескіш т.с.с.) алып және сараптамаға жіберу қажет.
Қолдан жасалған объектілер табылған жағдайда, онда ол объектілерді
(оқ-дәрілер) дайындаған материалдарды (әр түрлі киізден жасалған картон
өнімдері, т.с.с.) табу шараларын қолдану қажет. Кейде пыж немесе төсеменің
орнына жай қағаздарды (кітаптың, дәптердің, газеттердің беттері)
қолданады. Пыждар қандай материалдардан жасалғандығы туралы
тергеушінің хабары болса, онда тінту немесе өзге де тергеу әрекеттерін
жүргізу
кезінде
жабдықталған
патроннан
басқа
оны
даярлаған
материалдарды (кітап, дәптер, газет) іздеп алу қажет.
Көп жағдайда аңшылық патрондар қорғасын құймаларынан жасалу
себебінен, (яғни металлдың тез деформациялануы) снарядта қалдырылған
іздердің сақталуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолданылуы керек.
Қорғасын снарядттарды сақтау немесе жеткізу кезінде оларды бір қатарға екі
қабат мақтаның арасына орналастырып қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: