Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет83/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Идентификациялық міндеттер 
келесі сұрақтарды шешеді:

жәбірленушінің жарасынан табылған металлдың бөлшектері сезіктіден 
алынған заттың (фин пышағы, кастет т.с.с.) бөлшектері болып 
табылады ма ? 

салыстырылып отырған заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) мен 
сезіктіден алынған заттың жасалу әдісі (дайындау зауыты) мен шығу 
тегіне қатысты ортақ белгілері бар ма ? 

нақты пышақтың тұтқасы сезіктіден алынған металл мен құймадан 
жасалған жоқ па ? т.с.с. 
Істің мән-жайларына қатысты сарапшының алдына өзге де сұрақтар 
қойылады.
 
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: 
Сараптамаға істің мән-жайларына байланысты келесі материалдар 
жіберіледі:

пышақ, кастет, стилет, сюрикендер т.с.с. оқиға болған жерден алынған 
заттар; 


96 

механикалық зақым келтірілген жәбірленушінің киімдері; 

металлдану іздерінің болу мүмкіндігі бар объект-тасушылар (сезіктінің 
киімі); 

сезіктіден тінту кезінде алынған өнімдер, металлдар, пластмассалар 
т.с.с. 
Пышақ пен киімнің өзара әсер ету контактісін анықтау кезінде
жәбірленушінің киіміндегі талшық материалдарында пайда болатын
микроқабаттар, пышақтағы қан іздері зерттеу объектілері болып табылады. 
Мұндай жағдайда кешенді сараптама тағайындалады, аталған жағдайда
зерттеудің дұрыс реттілігін анықтау қажет. Мәселен, ең алдымен талшық 
заттарын зерттеп, одан соң сот-медициналық сараптама тағайындау керек, 
соңына суық қаруды зерттеу жүргізген жөн.
Әр бір нақты жағдайға қатысты, шешілетін сұрақтарға сәйкес 
сараптамаға жіберілетін материалдар тергеушімен (сотпен) анықталады. 
13 тақырып. Сот-фонографиялық сараптама 
 
Сот фонографиялық сараптаманың 
объектілері 
– бұл әр түрлі 
магниттік тасушыларда бекітілген ақпараттар (мәліметтер): катушкадағы 
магниттік ленталар, аудио- және бейнежазбалар, қатты дискісі, компакт-
дискілер, дыбыс жазу құралдары. 
Сот фонографиялық сараптаманың 
пәні 
азаматтық, қылмыстық және 
әкімшілік өндірістерінің фактілі деректері, аталған деректер дыбыс 
ақпараттарын арнайы білімді пайдалану арқылы зерттеледі. Бұл 
сараптаманың нәтижесінде алынатын фактілі деректер экономика саласында 
жасалатын қылмыстар бойынша кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, бөтен 
мүлікті пайдалану, талан таражға салу, қызметтік жағдайын теріс пайдалану, 
алаяқтық т.с.с., сонымен қатар аталған сараптама кейде кісі өлтіру, адамды 
тонау т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады.
Фонографиялық зерттеудің 
міндеттері 
екі үлкен топқа бөлінеді, олар: 
идентификациялық 
және 
идентификациялық 
емес 
(ситуациялық, 
классификациялық, диагностикалық). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет