Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет81/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Ату іздері. 
Тесіп өтудің, қисаю, снарядтың каналдары және өзге де 
ұқсас негізгі және қосымша іздерді ату іздеріне жатқызамыз. Ыстың, оқ-
дәрінің дәндерін, металлдың бөлшектерін сияқты қосымша іздерді табу 
бірқатар қиындықтар туғызады. Мұндай объектілерді табу үшін 
лабороториялық құрал-жабдықтар қажет.
Аталған объектілерді зерттеу арқылы бірқатар сұрақтар шешіледі
олар: атудың қашықтығы, атудың бағыты, атудың кезектілігі, ату құралы мен 


94 
жәбірленушінің орналасу жағдайы т.с.с. Мұндай объектілерді табу үшін 
оқиға болған жерді қарауға сот-баллистика саласындағы мамандарды 
қатыстырған жөн. Объектілерді табу мен бекіту кезінде ондағы іздерді 
жоғалтпау немесе олардың өзгеруіне әкеп соғатын жағдайларды болдырмау 
қажет. Осыған байланысты оқ-дәрінің дәндерін табу үшін оқ тесіп өткен 
затты ақ парақ қағаздың үстінде қағып сілку керек деген ұсыным қате екенін 
мойындау қажет. 
Ату қаруымен қалдырылған металдың шашыраңқы микробөлшектері 
арнайы зертханалық жағдайларда анықталады. Олар мысалы, атқан тұлғаны 
анықтау кезінде іздеу объектілеріне жатады. Бұл атыс өнімдері атқан 
адамның қолында, киім-кешегінде болуы мүмкін.
Аталған объектілердің тасушысы болған заттарды сақтау, жеткізу 
кезінде, олар жеке-жеке буып-түйіліп, бір-бірімен үйкелмеуі керек. Сол 
сияқты, атқан адамның қолында қалдырылған атудың іздері ұзақ уақыт 
сақталмайды. Қолда қалдырылған атудың іздері қолды жуып сүрткеннен 
кейін әдетте жойылады.
Атудың іздері сараптамалық зерттеудің объектісі ретінде ату қаруының 
өзінде, ұңғының каналында, револьвердің барабанында өзге де детальдарда 
қалдырылуы мүмкін. Ұңғыны сүрту кезінде атылған оқтардың іздері 
жойылуы мүмкін.
 
Оқиға болған жерді қарау. 
Ату қаруы қолданылған істер бойынша 
оқиға 
болған 
жер 
сот-баллистика 
саласындағы 
мамандардың 
қатыстырылуымен жүргізілуі керек, өйткені мамандар ату іздерін тез 
табылуына және олардың дұрыс алынып бекітілуін қамтамасыз етеді. 
Аталған мамандардың қатыстырылуы әсіресе оқиға болған жерде типтік емес 
ату қарулардың алынып, зерттеуі үшін (тайқып тию іздері) қажет болған 
кезде керек.
Қылмыстық істердің материалдары іс үшін өте маңызды, атап айтсақ: 
оқиға болған жердің хаттамалары (сызбалар, фотосуреттер), тергеу 
экспериментінің, куәландырудың хаттамалары (атқан адамның қолындағы 
атудың іздерін алғанда), сот-сараптамалық қорытындылар (мәйітті зерттеу, 
зақым келген тұлғаны куәландырылғанда). 
Сот-баллистикалық 
сараптаманы 
жүргізудің 
жалпы 
жағдайы 
эксперименталды үлгілердің алынуы болып табылады. Ол үшін сарапшының 
алдына ату қаруының нақты данасын, зақым келген затты, патрон (оқиға 
болған жердегімен ұқсас), оқ-дәрілерді дайындау үшін қолданылған құрал-
саймандар мен материалдарды ұсыну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет