Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет26/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

2
1
I
d
E
1/2
E
I
2.5-сурет.
Полярограмма: 1 – қалдық ток, 2 – диффузиялық ток 
Бірақ жартылай толқын потенциалы фондық электролиттің 
табиғатына, концентрациясына, қоршаған ортаға тәуелді болады. 
Ерітіндіде анықталатын ион мен кешен түзуге бейім заттардың 
болуының маңызы зор. Зерттелетін ерітіндіде лигандтың болуы 
жартылай толқын потенциалын теріс аймаққа ығыстырады, бұл 
координациялық қосылыстардың құрамын және тұрақтылық 
константаларын анықтауда қолдананылады. Ерітіндіге лиганд 
қосқанда жартылай толқын потенциалының ығысуы полярогра-
фиялық анализдің мүмкіншіліктерін айтарлықтай арттырады, 


48 
сонымен бір ерітіндідегі бірнеше компоненттерді алдын ала бөл-
мей-ақ анықтауға жағдай туғызады. Мысалы, 1 М KCl ерітін-
дісінде қорғасын (II) және таллий (I)-дің жартылай толқын 
потенциалдары сәйкесінше, -0,435 және -0,483 В, сондықтан 
оларды бөлек анықтауға болмайды. 1 М NaOH ерітіндісінде қор-
ғасынның жартылай толқын потенциалы -0,755 В, ал таллийдікі 
өзгеріссіз қалады деуге болады. Сондықтан сілті ерітіндісінде 
бұл иондар бірге болғанда да анықтала алады. 
Егер ерітіндіде жартылай толқын потенциалдарының айы-
рымы 100 мВ немесе одан да көп болатын бірнеше заттар болса, 
онда полярограммада бір емес, тотықсызданатын иондардың 
саны бойынша бірнеше, мүмкін одан да артық толқын болады, 
себебі сатылай тотықсызданса, бір ион екі толқын беруі мүмкін 
(2.6-сурет)
. Мысалы, 
Cu
2+
ионы 1 М 
NH
3
қатысында екі толқын:
біріншісін жартылай толқын потенциалы -0,20 В кезінде, 
екіншісін -0,48 В кезінде береді. Осылайша, иондардың поля-
рографиялық спектрін алып, осы берілгендер мен жартылай 
толқынның өлшенген потенциалы бойынша белгісіз затты иден-
тификациялауға болады. Мұндай спектрдегі элементтің орнала-
суы фондық электролиттің табиғаты мен концентрациясына 
тәуелді болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет