Потенциометрлік анализ


Полярографиялық құрылғының сызбанұсқасы



Pdf көрінісі
бет28/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

Полярографиялық құрылғының сызбанұсқасы 
 
2.7-суретте
полярографиялық құрылғының сызбанұсқасы 
көрсетілген. Талданатын ерітінді 
(2)
түбінде анод болып табы-
латын сынап қабаты 
(1) 
бар электролизерде 
(3)
орналасқан. Көп 
жағдайда анод ретінде қаныққан каломельді электрод (ҚКЭ) қол-
данылады. Катод ретінде сынап резервуарымен 
(5)
байланысқан 
тамшылап тұратын электрод 
(4)
болады. Электродтарға берілетін 
сыртқы кернеуді реохорд немесе кернеу бөлгішпен 
(7) 
өзгертуге 
болады, ал ерітіндіден өтетін ток күші гальванометрмен 
(6) 
өл-
шенеді.
Электродтарға берілетін кернеу катодтың (тамшылап тұра-
тын сынап катодының) потенциалын толығымен анықтайтынды-
ғы аталып кеткен. 
Вольтамперометрияда асыл металдардан (платина, алтын, т.б.) 
дайындалған қатты микроэлектродтарды қолдану жетістіктерге 
жетті. Қатты электродтардың негізгі артықшылықтары – сынап 
электродымен (0,3-тен -2,0 В-ке дей-
ін) салыстырғанда потенциалдардың 
оң аймағында (1,3 В-ке дейін) жұмыс 
жүргізу мүмкіншілігі, улы еместігі 
(сынаптың буы өте улы екені белгілі, 
онымен жұмыс істегенде қауіпсіздік 
ережелерін қатаң түрде сақтау ке-
рек). 
Бірақ қатты электродтарды 
қолданудың өзіндік, электрод беті-
нің жаңаруымен байланысты қиын
-
шылықтары бар. Стационарлы қат-
ты электродтар тәжірибеде кең 
қолданыс таппағанының себептері: 
шекті токтың орнауының ұзақты-
ғы, сезімталдығы жоғары емес жә-
не басқа да кемшіліктері. 
Тұрақты ток күші тез орнайтын айналмалы және тербелмелі 
платина электродтары едәуір кең қолданыс тапқан. Мұндай 
электродтардың жұмысы кезінде ерітінді үнемі араластырылып 
2.7-сурет. 
Полярографиялық 
қондырғының сызбанұсқасы 


51 
тұратындықтан электрод бетіне иондар тек қана диффузия есе-
бінен емес, сонымен қатар механикалық араластырылу арқылы 
жеткізіліп тұрады. Бұл диффузиялық токпен салыстырғанда 
шекті токты едәуір түрде (10-20 есе) арттырады. Қатты элек
-
тродтарды қолданатын әдістер тамшылап тұрған сынапты қол
-
данатын әдістерден дәлдігі бойынша кем болады, бірақ тамшы
-
лы сынап электроды қолданатын аймақпен (тек 0,3В-ке дейін) 
салыстырғанда, айналмалы платиналы микроэлектродты қолда
-
ну полярографиялық өлшемдер үшін анодтық потенциалдар ай
-
мағын 1,4 В-ке дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, тамшылы сынап электродының тәжірибелік маңы-
зы зор, себебі қатты электродтарда потенциал -0,1 В, ал сынапта 
тек -2,0 В кезінде қышқыл ерітінділерден сутек платина бетіне 
бөліне бастайды да, катодтық үрдістер шектелген болады. 
Өнеркәсіпте аналитикалық жұмыстар мен ғылыми зерттеулерді 
жүргізуге арналған бірнеше маркалы полярографтар шығары-
лады (ПЭ-312, КАП-225у, ППТ-1 және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет