87
жүргізуге мүмкіндігі және салыстырмалы түрде аппаратының
қарапайымдылығы болып табылады. Оны элементтердің аз ғана
санына қатысты қолданылуы және талдау үшін
салыстырмалы
көп мөлшерде болуы, сонымен қатар талдаудың ұзақтығы, әдіс-
тің шектелуі болып табылады.
Күрделі қоспаларда элементтерды ыдыратусыз анықтау үшін
жағдайлар іздеу, ішкі электролиз әдісін жетілдіру және талдау-
дың әртүрлі объектілеріне практикалық қолдану мүмкіндігін ке-
ңейту талдаудың электрогравиметрлік анализінің келешектегі
даму бағыты болып табылады.
Потенциостатикалық кулонометрия
әдісінің практикалық
қолдану аймағы өте кең. Сүрмені, күшәнді, висмутты, кадмийді,
мыс пен т.б. көптеген элементтерді аналитикалық анықтаудың
әдістемесі белгілі. Бірге жүрген бірнеше элементтерді анықтау-
дың әдістемелері өңделген, мысалы, күрделі аналитикалық мәсе-
ле болып табылатын кадмийдің
өте аз мөлшерін мыстың қаты-
сында анықтау.
Галогенидтердің талдауы электроактивсіз заттарды, яғни бе-
рілген жағдайларда ток әсерінен өзгермейтін заттарды кулоно-
метрлік анықтаудың мысалы болып табылады. Х
-
галогенидтерін
Ag
+
иондарымен
тұндырады, олар Ag-электродынан генерация-
ланады:
Ag + Х
-
= AgХ + е
-
.
Кулонометрлік әдіспен, сондай-ақ бірқатар органикалық зат-
тар (пикрин қышқылы, аспарагин қышқылы, хинон, хлорбензол-
дар мен фенолдар, азобояғыштар, нитрозоқосылыстар және т.б.)
анықталады. Мысалы, пикрин қышқылы сынап катодында үша-
минофенолға дейін оңай тотықсызданады:
88
Кулонометрлік әдіс химиялық реакцияның кинетикасын, ор-
ганикалық және бейорганикалық заттардың электрохимиялық то-
тығуы
мен тотықсыздануын, коррозиясын зерттеу үшін және
басқа да көптеген сұрақтарды шешу үшін фазалық және металло-
графиялық талдауда қолданылады.
Кулонометрлік титрлеуде химиялық реакциялардың әртүрлі
типтерін пайдаланады: қышқылды-негізді әрекеттесу, тотығу-то-
тықсыздану, комплекстүзілу және т.б. күшті және әлсіз қышқыл-
дар платина катодында судың электрохимиялық тотықсыздануы
кезінде түзілетін гидроксидпен бейтараптанады. Әртүрлі тотық-
сыздандырғыштар [Fe(II), Sn(II), Sb(III), As(III) және т.б.], мы-
салы, дихроматпен титрленуі мүмкін. Күкірт қышқылында хром-
ның анодты еруі кезінде дихромат түзіледі, оны осы титрлеуде
пайдалануға болады. Сонымен қатар кулонометрлік титрлеуде,
калий бромидінің тұз қышқылды ерітіндісінен генерацияланатын
бос бром да пайдаланылады. Броммен, мысалы, гидризинді,
тиоцианатты (SCN
-
+ 3Br
2
+ 4 H
2
O = H
2
SO
4
+ HCN + 6Br
-
+ 5H
+
),
фенолды, әртүрлі
металорганикалық қосылыстарды, As(III),
Sb(III), Fe(II), Tl(I) және басқа да көптеген тотықсыздандыр-
ғыштарды титрлейді. Анықтаулар жоғары дәлділікпен орында-
лады, себебі бром титрлеу реакциясына бірден жұмсалатындық-
тан, бром
ерітіндісімен титрлеген кезде, кәдімгі титриметрлік
әдістерде пайда болатын қиындықтар бұл жерде болмайды. Осы
себептен кулонометрлік титрлеу әдістемелерінде қалыпты сақтау
жағдайларында өте тұрақсыз заттар жиі пайдаланылады, мысалы,
Cu(I), Cr(II), Ti(III) және т.б. қосылыстар. Осындай заттарды сан-
дық анықтаудың практикасында пайдалана алу мүмкіншілігі
кулонометрлік титрлеудің бағалы ерекшеліктерінің бірі болып
табылады. Көптеген катиондар этилендиаминтетраацетатпен ти-
трлеу арқылы анықталады, ол сынаптың немесе кадмийдің сәй-
кесінше комплекстерінен:
HgЭДТА
2-
+ 2е
-
= ЭДТА
4-
+ Hg(ж)
сызбасы бойынша генерирленеді.
Достарыңызбен бөлісу: