Потенциометрлік анализ



Pdf көрінісі
бет47/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

 
 
Сынап катодындағы электролиз 
 
Сынап катодындағы электролиздің негізгі ерекшелігі суте- 
гінің асқын кернеуінің жоғары мәні және көптеген металдармен 
амальгама түзуі болып табылады. Сынап катодындағы сутегінің 


82 
асқын кернеу мәні 1 B-тан жоғары, сондықтан қышқыл ерітін-
ділердің электролизі кезінде платиналық немесе басқа катодтарда 
бөлінбейтін көптеген металдардың бөлінуі жүреді. 
Сынап катодында қышқылдық ерітінділердің электролизі ке-
зінде висмут, кобальт, хром, мыс, темір, молибден, никель, ос-
мий, қорғасын, палладий, платина және т.б., шамамен 20 элемент 
бөлінеді, бірақ алюминий, ванадий, уран, титан және кейбір басқа 
элементтер бөлінбейді. Осылайша сынап катодында темірдің, 
хромның, мыстың, ванадийдің, титанның көп мөлшерін бөлуге 
мүмкіндік береді. Бұл күрделі обьектілердің, яғни минералдар-
дың, кендердің, концентраттардың, құймалардың және т.б. ана-
лизін жылдамдатады және жеңілдетеді. 
 
 
Ішкі электролиз 
 
Ішкі электролиз әдісінде сыртқы ток көзі керек емес. Мұнда 
оң электродты потенциалы бар металдардың стандартты элек-
тродты потенциал мәні төмен металдардың әсерінен олардың 
тұздарының ерітінділерінен бос күйінде бөліну қабілеттілігі қол-
данылады. Анод болатын асыл емес металдың пластинасы пла-
тина катодымен қосылып, осылайша талданатын асыл металдың 
бөлінуі платинада жүреді. Анықталатын элементтің аз мөлшерін-
де платина катодында металдың тұнуы ешбір кедергісіз жүреді, 
ал үлкен концентрациясы кезінде катодта тұнумен қатар, анодта 
металдың бөлінуі мүмкін. Бұл үрдісті болдырмау үшін анодты 
жұқа коллодий қабатымен қаптайды немесе катодтық және анод-
тық аймақты кеуекті қалқамен бөледі. 
Ішкі электролиздің маңызды артықшылықтарының бірі – 
жұқа химиялық бөлінуді жүзеге асыру мүмкіндігі, себебі плати-
налық электродта тек қана анод металынан асылырақ металл бө-
лінеді. 
Егер, мысалы, анод ретінде қорғасын пластинасы қолданыл-
са, катодта Pb
2+
/Pb жұбының потенциалынан асатын металдар 
бөлінеді және теріс потенциалды металдар бөлінбейді. Анодты 
ауыстыра отырып, потенциал мәндері жақын металдарды бөлу 
жағдайын жасауға болады. Әдістің негізгі артықшылығы сонда – 


83 
оны кез келген зертханада жасауға мүмкіндік бар, өйткені құрыл-
ғыларын жинау оңай. 
Электролиз әдісі арқылы ерітіндіден бөлінген тұнбаны өл-
шеп, массасы бойынша анықталатын элементтің кұрамын есеп-
теуге болады. Егер тұнбаның массасы өте аз болып, жоғары дәл-
дікпен өлшеу мүмкіндігі болмаса, тұнбаны ерітіп, заттың концен-
трациясын кез келген ыңғайлы әдіс арқылы анықтайды. Осылай-
ша үлкен көлемдегі ерітіндінің электролизі анықталатын затты 
бөлумен қатар, концентрлеуді де жүргізуге мүмкіндік береді, 
себебі электролиз кезінде алынған тұнбаны еріткіштің аз көле-
мінде ерітуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет