147
колонкаға құрамында ерітінді немесе газдың үлесі түрінде
А және В компоненті бар талданатын қоспаны енгізеді және ко-
лонканы газ тасымалдағыш немесе Solv еріткішімен жуады. Бұл
кезде талданатын қоспа аймақтарға бөлінеді:
жақсы сорбция-
ланатын В компоненті колонканың жоғары бөлігін, ал аз сорб-
цияланатын А компоненті төменгі бөлігін алады. Типтік шығу
қисығы
4.3-суретте
көрсетілген.
Колонкадан ағатын газ немесе
ерітіндіде алдымен А ком-
поненті, кейін таза еріткіш, ал содан кейін В компоненті көрінеді.
Компоненттің концентрациясы көп болған сайын, хромато-
графиялық талдаудың негізін
құрайтын шың мен оның
ауданы жоғары болады. Көр-
сететін әдіс күрделі
қоспа-
ларды бөлу үшін қолданыла-
ды және тәжірибеде жиі қол-
данылады. Әдістің кемшілі-
гіне еріткішпен сұйылту есе-
бінен шығатын ерітінділер-
дің концентрацияларының аз
болуы жатады.
Ығыстыру әдісі.
Бұл
әдісте талданатын Solv еріт-
кішіндегі А және В компоненттерінің
қоспасы колонкаға ен-
гізіліп, анализделетін қоспаның басқа компонентеріне қарағанда
жақсы сорбцияланатын Д затымен (ығыстырғыш) жуылады.
Хроматографиялау кезінде көрсететін әдіске қарағанда ері-
тіндінің концентрациясы кемімейді. Ығыстыру әдісінің айтар-
лықтай кемшілігі, бұл әдістегі компоненттер аймағы еріткішпен
бөлінбегендіктен, бір заттың аймағының келесі заттың аймағына
қабаттасуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: