149
Осылайша, «табақшалар» теориясы хроматографиялық үр-
дістің маңызды сандық сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік
береді. Хроматографиялық үрдісті сатылы сипатта қарастыратын
«табақшалар» теориясы іс жүзінде формалды, себебі реалды
үрдіс үздіксіз жүреді. Теориялық табақшаларға эквивалентті
биіктіктің мәні мен табақшалар саны аймақтардың шайылуының
сипаттамасы болып табылады. Бұл шамалар өзінің мәнін заттың
миграция жылдамдығы, диффузия және басқа факторларды ес-
керетін хроматографияның кинетикалық теориясында да сақ-
тайды.
Хроматографияның кинетикалық теориясы теориялық табақ-
шаларға эквивалентті биіктікті, тепе-теңдіктің жай орнауын және
үрдістің біркелкісіздігін біріктіретін диффузия үрдістерімен бай-
ланыстыра отырып, үрдістің кинетикасына көп көңіл бөледі.
Теориялық табақшаға эквивалентті биіктік ағын жылдамдығы-
мен
Ван-Деемтер теңдеуімен
байланысты:
𝐻 = 𝐴 +
𝐵
𝑈
+ 𝐶𝑈,
(4.7)
мұндағы
А, В
және
С
– константалар;
U
– жылжымалы фазаның
жылдамдығы.
Достарыңызбен бөлісу: