Потенциометрлік анализ


 Өзіндік жұмысқа арналған есептер



Pdf көрінісі
бет99/106
Дата15.11.2023
өлшемі3,21 Mb.
#123629
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106
Байланысты:
Аргимбаева ПДФ

4.5. Өзіндік жұмысқа арналған есептер 
1. Сорбцияланбайтын газ тасымалдаушы аргон ағынының
жылдамдығы 40 см
3
/мин. Егер ұстап тұру уақыты 4 мин болса, 
берілген хроматографиялық колонкадағы Х қосылысының ұстап 
тұру көлемін және дұрысталған ұстап тұру көлемін есептеңіз. 
Аргонның ұстап тұру уақыты 30 с. 
2. Егер қандай да бір Y қосылыстың ұстап тұру көлемі
150 см
3
, дұрысталған ұстап тұру көлемі 120 см

болса, хрома-
тографиялық колонкадағы сорбцияланбайтын қосылыстың ұстап 
тұру уақытын есептеңіз. Газ тасымалдаушы ағынның жылдам-
дығы 30 см
3
/мин.
3. Азоттың хроматографиялық шыңының табан ені 12 мм.
Егер хроматограммадағы үлгіні енгізу уақытынан азот шыңының 
ортасындағы қашықтық 14 см болса, берілген колонкадағы тео-
риялық табақшалардың санын есептеңіз. 
4. Метанды хроматографиялық анықтау кезінде колонканың
теориялық табақшаларының саны 2000 болды. Диаграммалық 
лентадағы хроматографиялық шыңның табан ені 20 мм. Егер 
хроматографтың диаграммалық лентасының жылдамдығы 
600 мм/сағ болса, метанның ұстап тұру уақытын табыңыз.
5. Егер хлороформ үшін теориялық табақшаға эквивалентті
болатын биіктік 0,1 мм, ұстап тұру уақыты 212 с, шыңның табан 


175 
ені 12 см болса, хроматографиялық колонканың ұзындығын есеп-
теңіз. 
6. 

– гексахлороциклогексан – ауылшаруашылық саласында 
зиянкестермен күресуге арналған инсектицид. Азық-түлік 
өнімдерінің құрамындағы осы препараттың іздерін бақылау үшін 
хроматографиялық әдістерді қолданады. Хроматографиялық ко-
лонканың ТТЭБ-сы 0,5 мм, колонка ұзындығы 1 м, берілген қо-
сылысты ұстап тұру уақыты 210 с. Егер диаграммалық лентаның 
қозғалыс жылдамдығы 1200 мм/сағ болса, хроматограммадағы 
берілген қосылыстың хроматографиялық шыңының енін баға-
лаңыз,
7. Газды қоспада этанол және метанол булары бар. Осы 
қосылыстардың әртүрлі хроматограммалардағы бөліну дәреже-
сін табыңыз. Шыңдар формасы қалыпты таралу қисығына жақын. 
Шыңдардың сипаттамасы кестеде берілген.
Қоспаның 
реттік нөмірі 
Метанол шыңы 
Этанол шыңы 
ұстап 
тұру 
уақыты, t
R
,c 
шыңның 
ені, τ 
0,5, 

ұстап 
тұру 
уақыты, t
R
,c 
шыңның 
ені, τ 
0,5, 










10 
225 
210 
214 
190 
185 
195 
215 
204 
230 
230 
19 
18 
19 
16 
16 
15 
18 
19 
25 
30 
250 
270 
280 
210 
240 
260 
245 
230 
320 
300 
21 
25 
30 
21 
26 
30 
30 
24 
40 
50 
8. Құрамында көміртектер қоспасы бар үлгінің хромато- 
граммасындағы бір компонент шыңының ұстап тұру уақыты 163 с, 
қозғалмайтын сұйық фаза – сквалан. 
Колонкалардың термостат температурасы 80

. Берілген 
қосылыстың ұстап тұруының логарифмдік индексін есептеңіз 
(Ковач индексі). Берілген шарт бойынша н-пентан мен н-гексан-
ның ұстап тұру уақыты – 121 және 258 с. 


176 
С
6
– С

(сквалан, 80 ºС) изопарафиндер үшін Ковач индексте-
рі берілген кесте бойынша хроматограммалық үлгіден шың изо-
парафиндердің қайсысына сәйкес келетінін анықтаңыз. 
Сорбат 
Ковач 
индексі 
Сорбат 
Ковач 
индексі 
2 – метилпентан 
3 – метилпентан 
2,2 – диметилбутан 
2,3 – диметилбутан 
2 – метилгексан 
3,3 – диметилпентан 
570,5 
585,6 
540,1 
569,6 
667,7 
662,8 
3 – метилгесан 
3 – этилпентан 
2,2 – диметилпентан 
2,3 – диметилпентан 
2,4 – диметилпентан 
2,2,3 – триметилбутан 
677,0 
688,2 
627,9 
674,4 
631,8 
644,6 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет