Эмбриология


РНҚ  мол базофилді цитоплазмасы бар жасушалар. 8.2-сурет



Pdf көрінісі
бет116/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

РНҚ 
мол базофилді цитоплазмасы бар жасушалар.
8.2-сурет. 
Д иф ф еренцировканың әр түрлі сатысындағы фибробласттың 
ультрамикроскопиялық қүрылысы (Н.А. Юрина және А. И. Радостина бойын- 
ша, өзгерістерімен): Ф ибробластылар: а — аздифференцияланған; б — жас; 
е — жетілген; г — фиброцит. 1 — ядро; 2 — Гольджи кешені; 3 — митохондрия- 
лар; 4 — рибосом алар және полирибосомалар; 5 — түйіршікті эндоплазмалы қ тор; 
6 — коллаген фибриллалары


194
8-Тарау. Дәнекер тіндер
б
8.3-сурет. 
Ф ибробласт, м иоф ибробласт и фиброкласт: а — ф ибробласт 
(А. И. Радостинаны ң препараты): 

— ядро; 2 — түйіршікті эндоплазмалы қ тор; 
3 — рибосомалар; 4 — Гольджи кешені; 5 — митохондриялар; 6 — плазмолем- 
ма; 7 — коллаген фибриллалары; 
б 
— м иоф ибробласт (А. 
Б. 
Ш ехтердің препара­
ты): 

— ядро; 2 — түйіршікті эндоплазмалы қ тор; 3 — рибосомалар; 

— Гольджи 
кешені; 5 — жиырылғыш филаменттер; 6 — плазм олемм а
Жасушалардың көлемі 20-25 мкм-ден аспайды. Бұл жасушалардын цито- 
плазмасында көптеген еркін рибосомалар аныкталады (8.2-суретті караңыз). 
Эндоплазмалык тор жэне митохондриялар нашар дамыған. Гольджи кешені 
қыска түтікшелер мен көпіршіктерден тұрады.


8.1. Меншікті дәнекер тін
195
8.3-сурет. Жалғасы
в —
фиброкласт (А. Б. Шехтердің препараты): 1 — ядро; 2 — түйіршікті 
эндоплазмалық тор; 3 — рибосомалар; 4 — лизосомалар; 5 — коллаген 
фибриллаларының фрагментерімен фаголизосомалар. Электрондық микрофото- 
графиялар. Үлкейтілімі 20 000
Авторадиографиялык зерттеулер цитогенездің бул сатысында фиброблас- 
тыларда акуыздарды синтездеу және бөлу деңгейі өте төмен болатынын 
көрсетті. Бұл фибробласттар митозбен бөлінуге кабілетті.
Дифференцияланған, яғни жетілген фибробласттар
көлемі жағынан 
үлкенірек және пленкалы препараттарда жайылған түрінде 40—50 мкм-ге 
дейін және одан да үлкенірек болады (8.2-суретті караңыз). Олар белсенді 
қызмет атқарушы жасушалар. Жасушалардың ядролары ашык түсті, сопақша 
пішінді, 1—2 ірі ядрошықтары болады; цитоплазмасы базофилді, кей жерлер- 
де плазмолеммамен байланысып түратын, жаксы дамып — жетілген түйіршік- 
ті эндоплазмалық торы бар (8.3, 8.4-суретін қараңыз, 
а).
Гольджи кешені 
цистерналар мен көпіршіктер түрінде бүкіл жасушаға таралған. Митохондри- 
ялары мен лизосомалары орташа дамыған.
Фибробластылардың цитоплазмасында, әсіресе шеткі аймақтарында, 
жуандығы 5—6 нм болып, кұрамында актин және миозин нәруыздары болаө- 
тын, микрофиламенттер орналасады, ал бүл жасушалардын козғалуға кабілетті- 
лігін калыптастырады. Фибробластылардың козғалысы тіректік фибриллалык 
қүрылымдармен (фибрин, дәнекер тіндікталшыктар), жасушалардын және жа- 
суша емес күрылымдардын адгезиясын камтамасыз ететін, фибробластылар- 
дың және баска жасушалардын өндірген гликопротеині — фибронектиннің 
көмегімен байланысканнан кейін ғана мүмкін болады. Қозғалыс кезінде фи­
бробласт жазыла түседі, оның беткейі 10 есе үлкейе алады.


196
8-Тарау. Дәнекер тіндер
Фибробластылардың плазмолеммасы әр түрлі реттеуші факторлардың ыкпалын 
жанастырушы болып табылатын маңызды рецепторлык аймак.. Фибробластылардын 
ынталандарылуы гликогеннін корлануымен және гидролиттік ферменттердін жоғары 
белсендірілуімен косарласады. Гликогеннін метаболизмі кезінде түзелетін энергия 
полипептидтерді және жасушаның баска да өндіретін компоненттерін синтездеу- 
ге жұмсалады. Негізгі затты және талшыктарды кұрастыруға кажетті коллаген, эла­
стин нәруыздарының, протеогликандардың биосинтезі жетілген фибробластыларда 
каркынды түрде іске асырылады, әсіресе оттегінің концентрациясының томен жағ- 
дайында. Коллагеннін биосинтезін ынталандырушы факторларға темірдін, мыстың, 
хромның иондары, аскорбин кышкылы жаткызылады. Гидролиттік ферменттердін 
бірі — коллагеназа жасушалардың ішінде жетілмеген коллагенді ыдыратады, бұл, 
сірә, жасушалык деңгейде коллагеннің бөліну каркынын реттейді. Фибриллярлык 
нәруыздарды өндіру кабілеттеріне орай фибробластылар тобына кан жасаушы 
мүшелердін ретикулярлык дәнекер тінінің ретикулярлык жасушаларын, канкалык 
дәнекер тіндерінің хондробластыларын және остеобластыларын жаткызуға болады.
Фиброцшптер
фибробластылардын дамуындағы дефинитивті түрлері. Олар 
ұршықпішінді, канат тәрізді өсінділері бар жасушалар. Олардың кұрамында 
аздаған органеллалары, вакуольдері, липидтер және гликоген болады. Фибро- 
циттерде коллагеннің және баска заттардың түзелуі тым төмендеген.
Миофибробластылар
морфологиясы 
бойынша 
фибробластыларға 
ұксаған, коллагеннін ғана емес, сонымен катар көп мөлшерде жиырылғыш 
нәруыздарды да өндіруге кабілеті бар жасушалар (8.4-суретін караңыз, 
б).
Фибробластылардын, кызметі жағынан жазык бұлшық ет жасушаларына 
ұксас, бірак олардан айырмашылығы жаксы дамыған эндоплазмалык торы 
бар, миофибробластыларға айналуы мүмкін екендігі дәлелденген. Мұндай 
жасушалар жараның калпына келуі жағдайында грануляциялык тінде және 
жүктілік кезінде жатырда аныкталған.
Фиброкластылар
жоғары фагоциттік және гидролиттік белсенділігі бар
мүшелердің инволюциясы кезінде (мысалы, жүктіліктің аякталуынан кейін 
жатырда) жасуша аралык заттың «ыдыратылуына» катысады (8.4-суретін 
караңыз, 
в).
Олар бір өзінде фибрилла түзеуші жасушалардың кұрылымдык 
белгілерін (жаксы дамыған түйіршікті эндоплазмалык тор, Гольджи кешені, 
көлемдері үлкенірек, бірак саны аздау митохондриялар), сонымен катар 
гидролиттікферменттері барлизосомаларды косарлай үйлестіреді. Жасушанын 
шекарасынан тыс жерге шығарылатын ферменттер коллаген талшыктарын 
біріктіретін затты ыдыратады, одан кейін лизосомалардың кышқыл протеаза- 
ларымен коллагеннің жасушанын ішінде корытылуы жүреді.
Макрофагтар
(макрофагоциттер) (грек тілінен 
makros —
үлкен, ұзын, 
fagos
— жеуші) организмнің гетерогенді маманданған корғаныш жүйесінін 
жасушалык популяциясы. Макрофагтардың екі түрін ажыратады: еркін 
(бос) және бекітілген (орныккан). Еркін макрофагтарға борпылдак дәнекер 
тіннің макрофагтары немесе гистиоциттері, сірлі куыстардың макрофагта- 
ры, кабыну экссудаттарынын макрофагтары, өкпенің альвеолярлык макро­
фагтары жаткызылады. Макрофагтар организмде орын ауыстыруға кабілетті. 
Орныққан (резидентті) макрофагтар тобына кызыл жілік майының, сүйек 
және шеміршек тінінің (остеокласттар, хондрокласттар), көкбауырдың, лим-


8.1. Меншікті дәнекер тін
1 9 7
фа түйінінің макрофагтары (дендритті макрофагтар), эпидерма ішілік ма- 
крофагтар (Лангерганс жасушалары), баланың жолдасының макрофагтары 
(Хофбауэр жасушалары), ОЖЖ макрофагтары (микроглия) кіреді.
Макрофагтардың көлемі мен пішіні олардың кызметтік жағдайына бай- 
ланысты өзгеріп отырады (8.4-сурет). Әдетте, кейбір түрлерінен баска (бөгде
а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет