8-Тарау.
Дәнекер тіндер
191
нан туындаған жасушалар мозаикасы тәрізді болады. Бірак, мезенхиманың
барлық жасушалары бір-бірінен айырмашылықтары өте аз болады, тек өте
сезімтал зерттеу әдістері ғана (әдетте, иммуноцитохимиялык,
электронды
микроскогшялык) мезенхиманьщ кұрамында табиғаты әркилы жасушаларды
ажыратады. Мезенхима адамнын тек эмбрионалдық даму кезеңінде ғана бо
лады. Туғаннан кейін адамнын организмінде борпылдак талшыкты дәнекер
тіннің тек аздифференцияланған (адвентициалды жасушалар) (полипотентті)
жасушалары аныкталады, олардың әр түрлі бағытта, бірак белгілі үлпалык
жүйе шегінде, дивергентті дифференциялануы мүмкін.
Дәнекер тіндердін эмбрионалдык және постэмбрионалдык гистогенезін
ажыратады. Эмбрионалдык гистогенез кезінде
мезенхиманың тіндік сипа-
ты баска тіндердің бастамасынан ертерек калыптасады. Әр түрлі мүшелер
мен жүйелерде бүл үдеріс әркилы жүреді және эмбриогенездің сатыларында
олардың физиологиялык мағынасының әр түрлі болуымен тығыз байланыс-
ты болады. Мезенхиманың саралануынын барысында ұрыктың денесінде
де, ұрыктан тыс мүшелерде де, топографиялык асинхрондылык байкалып,
жасушалардың көбеюінің және талшықтардың түзелуінін каркындылығы
жоғары болады. Қалыпты физиологиялык жағдайларда постэмбрионалдык
гистогенез баяу жүреді және тіндік
гомеостазды тұрактандыруға, аздиф-
ференцияланған жасушалардың пролиферациясына және олармен өлген
жасушаларды алмастыруға бағытталады. Бұл үдерістерде тінішілік жасуша
аралық өзара аракатынастар, индукцияландыру
және ингибиндеуші фактор-
лар (интегриндер, жасуша аралык адгезивті факторлар, кызметтік жүктемелер,
гормондар, оксигенация, аздифференцияланған жасушалардың болуы)
маңызды рөл атқарады.
Дәнекер тіндердін кұралуының жалпы принциптері.
Дәнекер тіндердің
басты компоненттері жасушалардың туындылары — коллаген және
эластикалык
типті талшыктык кұрылымдар, интеграциялаушы-буферлік
метаболиттік орта кызметін аткарушы негізгі (аморфты) зат, және, жасушалык
емес компоненттердің кұрамынын мөлшерлік және сапалык аракатынасын
тұрактандырушы жасушалык элементтер.
Дәнекер тіннің жасушалык элементтерінің мүшеге тән ерекшеліктері
әркилы жасушалардың санының,
пішіндерінің, әр түрлі түрлерінің
өзара
аракатынасының,
олардың
метаболизімінің
және
кызметінің
мүшенің
қызметіне
орай
оңтайлы
бейімделуімен
аныкталады.
Жасушалык
элементтердің мамандануы, сонымен бірге, олардың өзара
арақатынастарымен (жекелей орналаскан, жасушалык ассоциациялар),
ішкі кұрылысының ерекшеліктерімен (органеллалардың кұрамы, ядронын
кұрылымы, ферменттердің болуы т.б.) белгіленеді.
Дәнекер тіннің арнайы
ерекшеліктері әр түрлі дифферондардың жасушаларының және жасушалык
емес кұрылымдардың дененің әр түрлі аймактарындағы аракатанасында да
анықталады. Борпылдак дәнекер тінде әркилы дифферондарға жататын жа
сушалар және аморфты зат басымырак болса, тығыз дәнекер тінде керісінше,
оның негізгі кұрамын талшыктар кұрайды.