Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет104/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Кәсіби оқу мәселелері
Кәсіби оқыту негізінен мұғалім жұмыс істейтін мәнмәтінде қалыптасады: сыныптағы 
жағдайға мемлекет мәдениеті елеулі ықпал етеді, ал ол, өз кезегінде, мектеп орналасқан қоғам 
мәдениетімен анықталады. Сондықтан мұғалімнің нақты сыныптағы жұмысын шынайы 
бағалау үшін олар жұмыс істейтін мәдени мәнмәтінмен қатар, уақыттың белгілі бір саяси 
мәнмәтінін де ескеру маңызды. 
Мұғалімдердің практикасы тұрғысынан алынған олардың күнделікті тәжірибесі олардың 
түсінігін қалыптастырады, ал олардың түсінігі тәжірибелерін қалыптастырады, сондықтан 
егер тәжірибе туралы оқыту дамуда көрінеді десек, бұл тамырын терең тартқан идеяларды 
естен шығаруға болмайды.
Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптары туралы білім түзеді. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 
іс-әрекеттегі зерттеу
үдерісін оқу үдерісіне ықпалдастыру 
оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады 
(28-сурет).


96
28-сурет. 
Іс-әрекеттегі зерттеу айналымы
Сабақты зерттеу тәсілі
Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші 
жылдары жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты 
зерттеу тәсілі Макота Йошида америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің 
таныстырылымын жасағаннан кейін, жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал 
бола бастады. аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу 
аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік 
Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді 
алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу 
мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал 
ретінде белсенді енгізіліп жатыр. рефлексиялау тәжірибесі Сабақты зерттеу нысандарының бірі 
болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Сабақты зерттеу тәсілін енгізу жөніндегі 
қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы 
керек. Нақты айтқанда, Сабақты зерттеу мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін 
дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады және де 
іс-әрекеттегі зерттеу
сияқты бірқатар 
циклдерді қамтиды. Сабақты зерттеу тәсілінде ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты 
зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу 
сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында 
оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Сабақты зерттеу тәсілінің түйінді сипаты креативтілік 
және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу 
мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік 
жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып 
табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен 
білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда 
бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін 
басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін 
белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол 


97
жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. 
Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске 
тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ 
өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге 
емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Сабақты зерттеу тәсілінің тағы 
бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен 
педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және 
зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Сабақты зерттеу нәтижелері 
жүйелі түрде жарияланып тұрады. Сабақты зерттеу топтары сондай-ақ әріптестеріне арнап 
оқытудың жаңа тәсілдерін немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен 
қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. жапонияда Сабақты 
зерттеу тәсілі бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы құндылықтар 
жүйесі, сапалық көрсеткіштер және оқушылардың жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет