9-кесте. Бақылаушының жазбалары Оқу стратегиялары Оқушылардың реакциялары Кері байланыс/Сұрақтар Мұғалім мәтіннің маңызды
бөлімдерін белгілеп отыру үшін
жабыстырғыштарды пайдалану
әдісін көрсетеді.
Мұғалім мәтіндік
дәлелдемелердің маңыздылығы
туралы әңгімелейді.
Мәтінді талқылау үдерісінде
12 оқушы жабыстырғышты
пайдаланады.
Оқушылар тыңдайды және
тақтада жазылғандарды жазып
отырады.
Оқушылар мәтіннің қандай
бөлімдерін белгілеп алады?
Кейбір оқушылар бұл әдісті неге
пайдаланбайды?
Мәтіндік дәлелдемелердің
неліктен маңызды екендігі
жөнінде оқушылардың
пікірлерін біліңіз.
Оқушылардың жұмысын бақылау кезінде Сіз мәтіндік дәлелдемелерді пайдаланса да,
кейбір оқушылар мәтіннің өз тұжырымдарының дұрыстығын жеткілікті түрде дәлелдемейтін
жолдарын келтіретінін аңғарасыз. 10-кестеде кезекті әңгімені жеңілдету үшін пайдалануға
болатын үлгі көрсетілген. Сол жақтағы бөлімде сіз сабақтың мақсатына қатысты тармақтарды
жазып шығасыз.
Оң жақтағы бөлімде тәлімгермен талқылайтын келесі қадамдарды сипаттайсыз. Бұл нысан
сізге оқушылар жұмыстарын қарау арқылы алға ілгерілеудің қалай жүргенін қадағалауға
мүмкіндік береді.
10-кесте. Кері байланыс ұсыну және кейінгі әрекеттер жоспары Қадағалаушының ескертпелері Келесі қадамдар Оқушылар талқылау кезінде жабыстырғыштарды
пайдаланды.
Кейбір оқушылар өз тұжырымдарын
дәлелдемейтін үзінділерді оқыды.
Шағын сабақ: жақсы мәтіндік дәлелдемелер
қандай болуы керек?
Дәлелдемелер деңгейінің жүйесін жасау.
жабыстырғыштарды пайдалану арқылы
мәтінмен жұмыс істеу стратегиясын пайдалануды
жалғастыру.