Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Практик-маманның зерттеуі



Pdf көрінісі
бет101/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Практик-маманның зерттеуі
Практик-маманның 
іс-әрекеттегі зерттеуі 
этнографиялық зерттеулер және жағдаяттық 
талдау (кейс) сияқты зерттеу тәсілдерінің көбінде қолданылатын тұжырымдамалық және 
лингвистикалық тұрғыдан ауқымы кең термин болып табылады. анағұрлым терең әдеби көздерде 
практик-маман қолданатын, әрқайсысы өзінің түрлі акценттерімен және мақсаттарымен, 
тарихи және гносеологиялық дәстүрлерімен ерекшеленетін зерттеу тәсілдері туралы айтылған. 
алайда барлық дәстүрлер үшін ортақ болып табылатын бірқатар ерекшеліктер де бар. 
айталық, практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері зерттеу жүргізу үшін ол адамның 
өзі сол қызметте жұмыс істеу керектігін білдіреді, сондай-ақ өз тәжіибесі арқылы білім алып, 
біліктілігін толықтырып отыруын көздейді. Мәселен, мұғалім немесе машықтанушы дәрігер 
өзіне зерттеушінің рөлін алғанда ол практик-зерттеушіге айналады. Сонымен қатар ерекше 
күн тәртібімен жұмыс істейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені 
шешуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады, олар мәселеге 
бей-жай қарай алмайды. Маманның осы ішкі білімі, түйсігі оның зерттелетін мәселенің 
қарқыны мен басқа жағдайлармен өзара байланысын жақсы түсінетіндігін көрсетеді. 


93
Оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал етуге бағытталған 
мұғалімнің зерттеу жүргізу және білім түзу сызбасы
26-сурет.
 Кәсіби білім алуға қатысты Тимперлей моделі
Практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі әрі әрқилы өзара 
қарым-қатынас туралы аргументке және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім осы 
күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-
қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді (26-сурет).
Бастау және ұйымдастыру тұрғысынан алғанда практик-маманның іс-әрекеттегі 
зерттеуінің бірнеше түрлері бар, алайда бұл жолы мектеп базасындағы зерттеу мәнмәтініне 
және атап айтқанда, мұғалімнің 
іс-әрекеттегі зерттеуіне 
ерекше назар аударылатын болады. 
Бұл жағдайда 
іс-әрекеттегі зерттеу 
практик-мамандар мен университеттегі әріптестер 
арасындағы ынтымақтастық ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын 
адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін тартуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет