Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет110/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Саясат тарапынан қолдау
Кәсіби қоғамдастықтарды құру саяси деңгейде қолдау тауып отыр. Чапман мен аспиннің 
(2004) пікірінше: «Кәсіби қоғамдастықтар саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді. 
егер біз білім берудегі стандарттарды көтеруді жоспарлап отырсақ, онда бізге саясатты тігінен 
де, көрденеңінен де байланыстыруымыз қажет болады. Қоғамдастық құру осы байланысты 
орнату тәсілінің бірі болып табылады. Қоғамдастық ішінде білім беру саласындағы және 
қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне 
және мінез-құлқына реформа енгізетін мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».
Фуллан (2004) кәсіби қоғамдастықтар біздің мектептердегі жекелеген оқушылардың 
қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді деп толықтырады. Осы кәсіби қоғамдастықтар 
көшбасшылықтың бірлескен шараларын жүргізіп, оның жаңа нысандарын зерттеуге ықпал 
етеді. Олар бізге әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тәсілін, оқытудың тиімді әрі 
инновациялық тәжірибесін ұсынады. Кәсіби қоғамдастық аясында білікті мамандар тобы 
жақсы идеяларға қол жеткізіп, олардың өңіріндегі барлық балалар үшін өздеріне ұжымдық 
жауапкершілік алуға мүмкіндігі кеңеймек.
Кәсіби қоғамдастықты дамыту
Білім алушылар қоғамдастықтары арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату 
ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд және Левин 
(2004) білім алушылар қоғамдастықтары өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне 
жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін 
еске салады.
Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Кәсіби 
қоғамдастыққа тартылған адамдар бастапқы кезеңде кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу 
қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-
қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар 
әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан (2004) атап өткендей, кәсіби қоғамдастықтар 
«барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық 
проблемаларды шеше алмайды. алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары 
стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет