Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту



Pdf көрінісі
бет34/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік 
үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен 
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін 
өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. 
Александердің 
(2001, 2008) 
Диалогтік оқыту теориясына 
сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін 
зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-
пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне 
күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас 
жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға 
мүмкіндік бере отырып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты 
дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді, сондықтан мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін 
басқармай, бағыттап отыру 
үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды
 
диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа
 
тарту белсенді жүргізілген жағдайда 
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер 
де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүруге 
қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы 
күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым 


36
кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын 
тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене 
отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен 
қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолдануға болатын әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және 
«диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. александер тәжірибеде зерттелген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет