43
Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға
тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Бұл ретте мәселен, Ұлыбританияда
жасалған тәжірибені алуға болады. Онда 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология
бойынша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік
Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен
жұмыс» мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009). Балаларға құрбыларымен
қарым-қатынас жасап, құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды
шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір
дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық,
проблемаларды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік,
вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық
тізімін дамыту қажет болды.
Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430
оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда болды
және университеттің оқу курстарына қатысты, сонымен бірге оларға тұруға орынжай
беріліп, болашақта ұлттық ғылыми жарыстарға, мектептегі ғылыми дәрістер мен ғылыми
үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу
нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған
мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: