Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Креативті ойлаудың сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет40/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Креативті ойлаудың сипаттамасы:
• ерекше идеяларды табады.
• Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
• Әзілшіл.
• ерекше түсінік қалыптастырады.
• Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
• Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
• Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.
• Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
• жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.
• ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
• жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
• Дербес.
• Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.
• Міндеттерді шешуде дәйекті.
• Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.
• Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім.
• Сенімді.
• Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
• Құрбы-құрдастары құрметтейді.
• Басқалармен жылдам тіл табысады.
• Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
• Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
• Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
• Өзіне сенімді.
• жаңа жағдайларға тез төселеді.
• Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
• Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
• Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
• Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.


41
Табандылық сипаттамасы:
• Өктем өтініштерге сенбей қарайды.
• Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.
• Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.
• «ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.
• игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.
• Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.
• жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі 
болуға тырысады.
Тиянақты, қойған сұрақтары нақты.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп 
біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды 
саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылықты зияттың немесе 
қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт 
және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырылады. Кейбір зерттеушілер бұл екі 
ұғымды жеке қарастыру маңызды деп санаған, өйткені дарындылық қанша дегенмен, олардың 
пікірінше, қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффекттік және т.б.) 
жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке 
тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы 
жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол құзыретті субъектілердің аз ғана бөлігіне 
тиесілі болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет