Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Жады оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан



Pdf көрінісі
бет48/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Жады оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы)
аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі 
орын алатынын анықтады. Баддели мен Хитчтің (1974) кейінгі жұмыстарында ол 
Жұмыс 
жадысы
деп аталды. Бұл термин статикалық сақтау емес, динамикалық үдерістер жиынтығын 
әлдеқайда нақты сипаттайтындықтан, қазір кеңінен қолданылуда. Біз жұмыс жадысы арқылы 
санамызға ақпарат енгіземіз, сондықтан біз онымен жұмыс істей аламыз. жұмыс жадысының 
өзіндік ерекшеліктерінің балалар жадысының даму жолдарын анықтайтын көптеген танымдық 
міндеттерді орындау қабілеті үшін маңызы зор.
Ұзақ мерзімді жады
аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы 
пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. жалпы қабылданған қолданыстағы модельді 
Тулвинг (1895) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен
: рәсімдік, эпизодтық 
және 
семантикалық жадыдан 
тұрады деп есептеген. Ұзақ мерзімді жадының осы үш түрі 
қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және де әртүрлі білімді сақтайды.
Рәсімдік жады
рәсімдік жады – әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен 
тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс-
қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске 
асыру керектігі туралы білім терең сақталады және оны саналы түрде тілмен жеткізу қиын.
Эпизодтық жады
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын 
жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – 
сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, эпизодтық жады аясында бекітілген және 
«таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының 
маңызды аспектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет