Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет46/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   298
Байланысты:
МАН-1

46
Оқудағы танымдық тәсіл
Бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның 
ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша, білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана 
оларды едәуір қызықтарған.
жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму 
мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген. 
Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу 
кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Зерттеуші жан Пиаже ортаның әсерін 
мойындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт 
сатысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден 
кейінгі) айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп
ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. 
Оқудағы гуманистік тәсіл
Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің негізін қалаушылар 
– Маслоу мен Роджерс.
1970 және 1980 жылдары жазылған ересектерге білім беру жөніндегі 
көптеген теориялық еңбектер гуманистік психологияға негізделген. Бұл тәсілде адамның өсудегі 
әлеуетіне ерекше назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның 
негізгі белгісі» (Tennant, 1977). Бұл әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы 
шығып, сол арқылы бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын эмоционалдық және 
субъективті әлем бар екенін растады. Бұл ретте ең белгілі мысал – абрахам Маслоудың 
қажеттіліктер пирамидасы болуы мүмкін. Оның ең төменгі деңгейінде физиологиялық 
қажеттіліктер, ең жоғарысында өзін іс жүзінде таныту орналасқан. Зерттеушінің тұжырымына 
сәйкес, жоғарырақ деңгейге өту тек төмен орналасқан қажеттіліктер орындалған жағдайда 
ғана мүмкін болады.
Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл роджерс сияқты. Оның 
зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен, 
білімімен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда, біз 
бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» (Rogers, 1983).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет