Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Төртінші кезең
 
– (ХХ ғасырдың 60 – 90 жылдары) – археологиядағы жаңа 
кезең. Бұл тұста ғылыми орталықтар бөлініп, жергілікті зерттеу орындары 
көбейді, археология мамандарының қатары артып, жоғары оқу орындарында 
арнайы кафедралар, түрлі ғылыми археологиялық қоғамдар ашылды. Көптеген 
қалаларда ғылыми мектептер мен ғылыми археологиялық орталықтар Уралда, 
Сібірде, Орта Азия мен Қазақстанда, Қиыр Шығыста құрылды.
КСРО ҒА Сібір бөлімінің ашылуы, оны А.Окладниковтың басқаруы Сібір 
аймағындағы археологияның жандануына үлкен жол ашты. Палеолиттің аса 
маңызды ескерткіштері ашылып, Сібірде ерте тастың (ерте палеолит) болғаны 
дәлелденді. Академиктер А. Деревянко мен В. Молодиннің зерттеулері 
арқасында Қиыр Шығыстың жаңа тас дәуірі мәдениеттері, қола ғасырының 
көптеген ескерткіштері, ерте темір дәуірі мен орта ғасыр кеңінен танылды. 
КСРО ҒА-ның Сібір бөлімі Орта Азия мен Қазақстан археологтарымен бірлесіп 
тас дәуірін зерттеуде де жақсы жетістіктерге жетті.
Еуразия археологиясында жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Палеолиттік 
ескерткіштердің жаңа ашылулары мүстьелік қауымдастықтар жайлы қайта 
тұжырым жасап, жоғарғы тас мәдениетін бөлуге мүмкіндік берді. Жаңа тас 
ескерткіштерін зерттеу жанданды. Тасқа салған суреттерді зерттеу де өз 
жемістерін бере бастады. Осы саладағы зерттеулердің арқасында әлемдік ғылым 


Кавказдың, Қазақстанның, Сібір мен Қиыр Шығыстың петроглифтері жайлы 
таныс болды.
Украина жеріндегі ежелгі егіншілер мен бақташылардың тарихы жемісті 
зерттеле бастады. Ерте егіншілік (энеолиттік) мәдениеттердің ошақтары Орта 
Азия мен Кавказда ашылды. Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы антикалық 
қалалардың экономикасын, әлеуметтік құрылысы мен тарихын зерттеуге 
археология елеулі үлес қосты. Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы 
антикалық ескерткіштерді тарихи және археологиялық тұрғыдан зерттеудің 
ерекше мәнге ие болатын, себебі жазба және археологиялық деректердің бірін-
бірі толықтыратын мәліметтерінің молдығында еді.
Скиф ақсүйектері мен патшаларының алып обалары зерттеушілерді әр 
уақытта да қызықтырды. Бірақ қарапайым скифтердің жерлеулері мен мекен-
жайларын қазуға көңіл бөлінбеді. Археологтар Б.Н. Граков, М.И. Артамонов 
және басқалардың зерттеулері скиф тайпаларының өмір көрінісі, олардың 
қолөнері мен құрылыс істерінің даму деңгейін көрсетті. 
Еділ өңірі мен Урал маңында савроматтардың тарихы мен мәдениеті, 
Қазақстан мен Тәжікстанда сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері 
зерттелді. Алтай жерінде көсемдердің тамаша обалары қазылып, өте жақсы 
сақталған матадан тігілген заттар, кілемдер, ағаштан жасалған бұйымдар 
табылды. Бұрын ғылым білмеген Тува жеріндегі скифтік мәдениеттің 
ескерткіштері ашылып, Қиыр Шығыстың ерте темір ғасыры мәдениеттері 
зерттелді.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде ерте дәуірі: палеолит, мезолит және 
алғашқы мемлекеттік құрылымдар ескерткіштері қазылды. Суғару жүйелері, 
үлкен егіншілік алқаптар, қала-бекіністері, керуен сарайлардың орындары 
ашылып, Орта Азияның жоғары дамыған егіншілік мәдениеттері зерттелді. 
Қазақстанда қала мәдениетін зерттеу тұрақты жүргізіле бастады. Ұлы Жібек 
жолының Еуразя тарихындағы сауда-экономикалық, мәдени және саяси 
маңызы, 
халықтардың 
мәдени 
байланысындағы 
халықаралық 
сауда 
тораптарының рөлін зерттеу жақсы жетістіктерге жетті. Қазақ халқының 
этникалық тегінің қола ғасырынан басталып, кейінгі дәуірлерде осы жерді 
мекендеген ірі тайпалық одақтардың (Сақ, Үйсін, Ғүн, Түркі) тағдырымен
сабақтасып жатқаны антропологиялық зерттеулер негізінде ғылыми 
тұжырымдалды.
Ресей археологтары славян этносының қалыптасу жолдарының мәселелерін 
зерттеумен айналысты. Ежелгі орыс қалаларының қалыптасу көрінісін Киев
Новгород, Рязань, Смоленск және Псков қалаларының орнында жүргізілген 
қазбалар айқындады.
Еурозия археологиясында жаңа әдістемелік тәсілдер пайда болды. 
Жаратылыстану ғылымдарының әдістері археологияда кеңінен қолданыс тапты. 
Эксперименталды археология пайда болып, археологияның дамуына әсер еткен 
тарихи әдістемелік тәжірибе де біртіндеп өзгеріске ұшырады.


Еуразия археологиясы осы кезеңде зерттеу мақсаты, мерзімдік шекарасы мен 
әдістері жағынан ерекшеленетін бірнеше бағыттарға бөлінеді. Олар: тас дәуірін, 
қола ғасырын зерттейтін антика, скиф-сармат, сақ-үйсін, түркі дәуірі, славян-
орыс археологиясы. Бұл – тарихи қалыптасқан, өзіндік тәжірибесі бар, белгілі 
бір зерттеу мақсатына жұмылдырылған бағыттар. Бұрынғы КСРО 
республикаларында жергілікті ғылыми орталықтар дербес зерттеулерін 
жандандырды. Материалдық мәдениет тарихы тұрғысынан дамыған Еуразия 
археологиясының қоғамдық құрылысты қалпына келтіру тәжірибесі жеткіліксіз 
болды. Ғылымды озбырлықпен тарихи материализм қалпына салу дәстүрі 
«өркениет», «әлеуметтік құрылыс» секілді тарихи категориялардың дамуына 
кері әсерін тигізіп, археологиялық қайта жаңғыртуды белгілі бір кестелік 
принципке жүгінуіне әкелді.
ХХ ғасырдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін Еуразия археологиясы 
жекелеген орталықтарда дамып, өзара байланыс әлсіреді. Еуразиялық дамуға 
көптеген елдер өз ұлтының мүддесі тұрғысынан қарауға бейімделді. Осы 
талпыныста нақты, шынайы тұжырымдармен қатар асыра сілтеушіліктер мен 
бұрмалаушылықтар да кездесіп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет