Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

ТАС ҒАСЫРЫ 
 
Адамның арғы тегі туралы мәселе 
 
Жер ғаламшарының тарихы бес миллиард жылдан астам уақытты қамтиды. 
Осынау ұзақ уақыт аралығында адамзат тарихы қас қағым сәт секілді мезгілді 
алады. Ғалымдар жер тарихын бірқатар кезеңдерге бөлген. Солардың ең 
соңғысы ғылымда «Кайнозой» деп аталады. Ол 60-70 млн. жылдан осы күнге 
дейінгі уақытты қамтиды. Кайнозой – палеоген, неоген және антропоген 
(төрттік) болып үш кезеңге бөлінеді. Едәуір ертеректегі геологиялық 
әдебиеттерде палеоген мен неоген кезеңдерін біріктіріп үштік кезең, 
антропогенді төрттік кезең деп көрсетілетін. Қазіргі жаңа көзқарас бойынша
адам мен оның материалдық мәдениетінің қалыптасу кезеңін «антропоген» деп 
атау кеңінен қолданылады.
Антропоген эоплейстоцен, плейстоцен және голоцен болып үшке бөлінген. 
Антропогеннің кезеңделуіне жер бетіндегі ауа райының, яғни мұздық пен 
мұздықаралық кезеңдердің ауысып келуі негіз болған. Мұздықтардың 
құрлықтың көптеген бөлігін басып қалуы мен теңіз деңгейінің өзгеріп отыруы
адам тегінің қалыптасып, дамуына үлкен әсерін тигізген. 
Адам мен маймылдардың арасындағы зоологиялық ұқсастық адамның арғы 
тегі жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан деген тұжырымға негіз болған. Осы 
теория бүкіл әлемдік ғылымда мойындалып, анропогенді зерттеуде кеңінен 
қолданылып келеді. Адамның қалыптасу үдерісі өте ұзақ уақытқа созылды. 
Неогеннің соңы мен эоплейстоценнің басында Африка, оңтүстік Еуропа мен 
Азияның оңтүстігінде физикалық құрылымы мен өмір сүру дағдысы жағынан 
адамға жақын болған маймылдардың көптеген түрлері өмір сүрген. Оларды 
ғылым тілінде дриопитектер, рамапитектер, бейімдіпитектер (удобнопитектер) 
және австролопитектер деп атаған. Олардың басым көпшілігі эволюцияның 
тұйықталған 
тармағын 
құрады. 
Тек 
адам 
тектес 
маймылдардың 
автролопитектерді еске түсіретін түрлерінің қаңқалары аң аулап, етпен 
қоректену салдарынан адам кейпіне ұқсай бастағаны байқалады. 
Адамның алғашқы отаны жайлы мәселе әлі күнге толық шешілмеген. ХХ 
ғасырдың екінші жартысында жасалған бірқатар палеоантропологиялық 
ашылулар адамның қалыптасу үдерісі жүрген аймақтың үлкен аймақты 
қамтығандығын аңғартады. 1959 – 1960 жылдары Танзанияның Олдувей 
шатқалынан табылған көне адамтектес маймылдардың қаңқалары ғылым үшін 
үлкен жаңалық болды. Еңбекке бейім адам (Homo habilis), ғылыми түрде 
презинджантроп деп аталған қаңқаның бас сүйектерінен адам басының 


құрылымы мен мыиына жақын көп сәйкестіктер анықталған. Презинджантроп
жатқан жерден табылған шапқыш тас құралдар (чопперлер) оның еңбекке бейім 
болғандығын растайды. Оның калий-аргонды әдіс бойынша анықталған ғұмыр 
сүрген уақыты осыдан 1 750 000 жыл, мыиының көлемі 652 см³. Аяғының 
сүйектері тік жүргендігін, саусақ талшықтарының құрал жасауға бейім 
болғанын көрсеткен. Оның еңбекке бейімді қабілеті қолының жетілгендігі
мыиының көлемі секілді антропологиялық даму дәрежесімен сәйкес келеді. 
Осыған ұқсас деңгейде дамыған адам қаңқалары Африканың көптеген 
жерлерінен табылған. Эфиопиядағы Омо өзенінің бойынан табылған ондаған 
индвидтердің қаңқалары калий-аргонды әдіс арқылы анықталған мәлімет 
бойынша 4-тен 2 млн. жылға дейінгі аралықты қамтиды. 2,1 млн. жылмен 
мерзімделген автролопитектің сүйек қалдықтары жатқан қабаттан табылған 
шақпақ тастан жасалған тас құралдар аса маңызды.
Әкелі балалы Луис және Роберт Ликилердің Кениядағы Рудольф өзені 
бойынан тапқан австолопитек тұқымдастардың қаңқа қалдықтары үлкен 
ашылым болды. Сүйек қалдықтарының жасы 5 – 5,5 млн. жыл. Жердің олар 
жатқан қыртысынан табылған шақпақтастан жасалған құралдар 2,6 млн. 
жылмен мерзімделеді. Осы табыстар адам баласының алғашқы шежіресін едәуір 
көне дәуірден басталғандығын аңғартады.
1890 – 1891 жылдары Ява аралынан табылған приматтың бас сүйегінің 
бөліктері мен аяғының ұзын сүйектерін зерттеу оның екі аяғымен тік 
жүргендігін анықтады. Сондықтан оған «тік жүретін маймыл адам» 
(Pithecanthropus erectus) деген ат берілді. Ява адамының дене бітімі мен ми 
ұясының өлшемі өзінің алдындағы зинджантроп, презинджантроптарға 
қарағанда анағұрлым жетілген. Миының көлемі 950 см³. Пекиннің маңындағы 
Чжоукоутянь үңгірінен табылған архантроптардың қаңқаларын зерттеу олардың 
еңбекке бейім және тас құралдарды жасай білгендігін көрсетті. Дене бітімі түзу 
және орта бойлы. Миының аумағы 1075 см³, өмір сүрген уақыты 500-ден 300 
мың жылдыққа дейінгі аралықты көрсетеді. Тік жүретін (Homo erectus) адамдар 
тобына жататын бұл архантроптар «синантроп» (қытай адамы) деген шартты 
атауға ие болды. Үңгірдегі тұрақта қалыптасқан күл қабатының қалыңдығы 
қытай адамдарының отты пайдаланғандығын білдіреді. Бірақ отты өздері тұтата 
білгені жайлы белгі жоқ. Жалпы адамдар отты жағуды алғаш қашан игергендігі 
туралы ғылымда нақты мәлімет берілмеген. Тек адамдар алғаш табиғи 
құбылыстың арқасында пайда болған отты өшірмей ұзақ пайдалануды және бір 
жерден екінші жерге тасмалдауды үйренген.
1856 жылы Дюссельдорф, 1907 жылы Гейдельберг маңынан табылған дене 
бітімі толық қалыптасып үлгерген адам өкілдерінің қаңқалары антропогенездің 
соңғы өкілдері деп мойындалған. Оларды «Homo primgenius», басқаша 
неандерталь адамы деп атаған. Осыдан 100 мың жыл бұрын өмір сүрген 
неандерталь адамдарының өкілдері Еуропа мен Азияның көптеген жерлерінен 
табылған. Солардың бірі – 1938 ж. А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас 


үңгірінен тапқан неандерталь баланың сүйегі. Неандерталдықтар орта бойлы, 
үлкен де ауыр басты, кең де мығым жауырынды және кішкене еңкіштеу келетін 
өзіндік бітімімен ерекшеленеді. Неандерталдықтар үңгірлерді баспана ретінде 
пайдаланып, отты қалай жағуды игерді және тас еңбек құралдардың едәуір 
жетілген түрін жасай білді. Ежелгі адамдардың үлкен аймаққа таралуы бірқатар: 
еуропалық классикалық, азиялық дамыған неандерталдар және африкалық 
палеантроптар деп бөлінетін түршелердің шығуына әкелді. Осындай ашылулар 
адамның эвалюциялық қалыптасу үдерісі құрлықтың көптеген аймақтарында 
қатар жүргендігін аңғартады. Тек Америка мен Австралия құрлығынан көне 
адамдардың қаңқалары табылмаған. Ол құрлықтарда адам тектес маймылдар 
болмаған деген ой туғызады. 
Қазіргі адамдардың ежелгі бабаларының алғашқы мекені мен нәсілдік 
пішіннің пайда болуы туралы ортақ пікір жоқ. Осыған байланысты ғылымда екі 
көзқарас: 
полицентризм мен моноцентризм 
қалыптасқан. Алғашқы көзқарас 
бойынша адамның қалыптасу үдерісі ғаламшардың бірнеше бөлігінде жүрген. 
Еуропа, Азия, Африка және Австралия құрлықтарында 
европойдтық, 
моңғолойдтық, негройдтық және австролойдтық 
нәсілдер өзара дербес 
қалыптасып дамыған. Моноцентристік көзқарастың өкілдерінің пікірінше 
барлық нәсілдер ол баста Солтүстік-Шығыс Африка, Алдыңғы және Оңтүстік 
Азияны қамтыған үлкен аймақты мекендеген ежелгі адамдардың бір ғана 
тармағынан таралған. Оларда қазіргі кездегі нәсілдердің белгілері болмаған. 
Нәсілдік ерекшеліктер адамдар құрлықтың әртүрлі бөліктеріне таралып, 
түбегейлі тұрақтаған кезде біртіндеп, географиялық жағдай мен ауа райына 
бейімделу барысында пайда болған.
Соңғы кезде ғалымдардың арасында адамның қалыптасуы екі аймақта:
Солтүстік-Шығыс Африка және Оңтүстік-Батыс Азияда жүрген деген көзқарас 
айтылып жүр. Экватордың теріскей бетіндегі осы тропиктік жерлерде ежелгі 
адамдардың қаңқалары көп табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет