Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Археология ғылымының қалыптасып, даму тарихынан



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Археология ғылымының қалыптасып, даму тарихынан 
«Археология» атауы адам баласына сонау Ежелгі Грек дәуірінде белгілі 
болған. Бұл сөзді әртүрлі дәуірде әртүрлі мағынада қолданған. Терминді алғаш 
қолданғандардың бірі Плотон археологияға ежелгі дүниеге қатыстының 
барлығын жатқызған. Ал еуропалық қайта өрлеу дәуірінде археология 
антикалық өнердің көрнекілік құралы қызметін атқарып, әсілі антикварлық істің 
бір бөлігіне айналды. Қазірдің өзінде әлемдік тәжірибеде археологияның 
міндеті мен мақсаты жайлы ортақ түсінік жоқ. Әсіресе, оның хронологиялық
шеңбері жайлы мәселеде. Кейбір елдерде қазіргі замандық мәдени қыртыстарды 
зерттейтін археология да кездеседі. Бірқатар елдерде археология адам жайлы 
ғылым – антропологияның бір бөлігі ретінде танылады.
Шығыс Еуразия елдерінде археология ғылымының қалыптасу кезіндегі 
Қазақстанның тарихы Ресеймен тығыз байланысты болғандықтан осы 
ғылымның алғашқы даму жолдарын Ресейдегі археологиялық дамумен бірге 
қарастырамыз. Сонымен, көне дүниеге қатысты мұраларды зерттеуде І Петрдің
арнайы әмірі мен оның бастамасы бойынша Сібір және Ресейге іргелес жатқан 
елдердің жерін зерттеу мақсатымен жүргізілген шаралар маңызды рөл атқарды.
1707 жылы Тобыл боярының ұлы С. Ремезов жазған "Чертежная книга Сибири" 


("Сібірдің сызба кітабы") атты еңбек жарық көрді. Онда географиялық 
деректермен қатар, Еуразия сахарасының археологиялық ескерткіштері туралы 
мәліметтер жинақталған. Сібірді игеру мақсатымен жүрген Ресейлік 
шонжарлар мен жергілікті әкімдердің патшаға сыйға берген көне дүниелерінен 
құралған заттар кейіннен Петрдің «Сібірлік коллекциясы» деген ғылыми атқа ие 
болды. Негізінен сақ-скиф дәуірінің өнер туындыларынан тұратын асыл 
металлдардан жасалған бұйымдар бұл күнде Шығыс Еуразия тарихының 
теңдесі жоқ мұрасы саналады. 
Осы күнгі мағынасындағы археология ғылымы ресей жерінде ХІХ ғасырда 
қалыптаса бастады. Археология адамдардың ежелгі заманнан бастап орта 
ғасырларға дейінгі іс-әрекетіне қатысты заттарды қазып алып, оларды 
зерттеумен айналысады. Әлемдік ғылымдардың құрамдас бір бөлігі саналатын 
археологияның дамуы сол кездегі Ресейдегі қоғамдық ойдың дамуымен 
байланысты дамыды. Ол кезде Украйна, Беларуссия, Малдовадан бастап
Кавказдың көпшілік бөлігі, Қазақстан мен Сібір, сонау Қиыр Шығысқа дейін 
Ресейдің билігінде болатын. Осы айтылған ұлан-ғайыр жерлерді зерттеуге 
бағытталған археология жеке дара емес әр дәуірдегі қоғамдық сұранысы пен 
саяси жүйеге байланысты дамыды.
Ресей археологиясының дамуын уақыты ғана емес, әдістемелік бағыты мен 
ғылыми зерттеу тәсілі, мәліметтерді алу жолдары және тарихи қалпына келтіру 
мақсаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше кезеңдерге бөлуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет