таралған аймақтың шығыс аудандарында көрші егінші тайпалармен байланысқа
түскен шұңқыр мәдениетінің өкілдері біртіндеп, тұрақты қоныс теуіп, егінші-
мал шаруашылығын қатар жүргізе бастады. Төменгi Днепрдегi Михайловскi
қонысы осылай пайда болған еді. Өзеннің биік мүйісінде орналасқан бұл
қоныстың аумағы аса үлкен емес. Ол айналадағы жазықтан табиғи ормен
бөлінген.
Үйлерінің құрылымы өте нашар сақталған. Қазбадан тас пен сүйектен
жасалған бұйымдар табылған. Мыс бұйымдардан төрт біз ғана кездескен.
Сырттан әкелген, типольдық ыдыстар да ұшырасады. Мәдениеттің кейінгі,
б.з.д. ІІІ-мыңжылдық соңы мен ІІ-мыңжылдықтағы қоныстары үлкен, кейде
қорғаныс құрылыстарымен ерекшеленеді. Михайловскі қонысының қорғаныс
құрылысы үш метрлік тас қабырға мен ордан тұрады. Үйлері негізі тастан
қаланған балшық үйлер, кейде жартылай жертөлелер де кездеседі. Мыс
бұйымдар едәуір көбейген, біз, пышақ, қашау, шот секілді 26 зат.
Үй жануарларының сүйектерінен қой мен сиырдікі басым. Жылқының
сүйектері едәуір аз кездеседі. Осы дәуірдің жерлеулерінің бірінен табылған арба
жануарларды күш көлігі ретінде пайдаланғанын, қазбадан табылған кетпен, дән
үгіткіш, орақтың тістері егіншіліктің екінші кезекте болғанын білдіреді.
Ежелгі шұңқыр мәдениетiнің келешек дамуы б.з.д. 2-мыңжылдықта оның
Достарыңызбен бөлісу: