Ресейдің Ростов облысындағы катакомбалардың бірінен төрт дөңгелекті үлкен
арба табылған. Жерлеу заттарынан қоғамдағы мүлік теңсіздігі байқалатындығы
айтылады.
Едiл мен Уралдың аралығында б. з. д. 2- мыңжылдықтың жартысынан 1-
мыңжылдықтың
басында
қалыптасқан
мәдени-тарихи
қауымдастық
археологияда қима (
сұрыпты)
мәдениет деген шартты атқа ие болды. Анықтап
айтқанда бұл мәдениеттiң жерлеу қабiрлерi шұңқырдың iшiне қима
бөренелерден салынған қабiрлерден тұрады. Кейде қарапайым шұңқырға
жерленген мәйіттер де кездеседі. Қима мәдениеті өкілдері ежелгі шұңқыр
тайпаларының кейінгі ұрпақтарынан тараған деген пікір бар. Бұл мәдениеттiң
қыш ыдыстары түбi тегiс, көбiне құты тәрiздес келедi. Бiрсыпыра ыдыстары
цилиндр тәрiздес. Қималықтар қола өндіруге түсті металлды алғашында
Кавказдан, кейіннен Уралдан, Орта Азия мен Қазақстаннан әкелінген деп
есептейді. Қола қорыту ісі қауымдық қолөнері аясында оқшауланып,
мамандана бастағаны байқалады. Қоладан жасалған бұйымдардың барлығы
жабық екі жақты қалыптарда құйылған. Мәдениеттің жерлеу ескерткіштерінен
қалыптар мен балқыту құралдары жиі кездеседі. Қоладан жасалған заттар өте
көп және әр алуан. Әсiресе, қола қанжарлар мен түтiк ұңғысы қуыс найзалар.
Найзалардың осындай түрi Карпаттан Алтайға дейiнгi аралықта кең таралған.
Қима мәдениеті дәурен құрған тұста кельт деп аталатын қола балтаның түрi
пайда болды. Қола ғасырында кельттер бүкiл Еуропаға таралғаны белгiлi.
Үйлері кейде 150 шаршы метрді қамтитын жартылай жертөлелер. Олардың
қабырғалары бөренелермен нығайтылған. Үйдің ішінде бірнеше ошақ болады.
Әсте бірнеше жұп отбасы бірге тұрса керек. Жерлеу қабірлеріндегі қималарды
қиюластыру тәжірибесіне қарап, олар ағаш үй де сала білген деп шамалауға
болады.
Қола ғасырында металдан жасалған еңбек құралдары мен бұйымдар жоғары
бағаланған. Сондықтан тайпа көсемдері мен ру ақсүйектері оларды артық дүние
ретінде жинауды әдетке айналдырған. Бұндай құбылысты сирек те болса
кездесіп тұратын көмбелер құрамынан байқауға болады. Еділдің бойындағы
Хвалынскі қаласының маңынан табылған көмбе заттары осындай қорытынды
жасауға мүмкіндік береді. Көптеген қола құралдардың қалыпқа құйған кездегі
қырлары сол күйінде сақталған. Яғни тұрмыста қолданылмаған, артық дүние
ретінде жиналған. Мүлiк теңсiздiгiнiң б.з.д. 2-мыңжылдықтың екiншi
жартысынан бастап қалыптаса бастағанын осындай көмбе материалдары
көрсетедi. Одесса облысындағы
Достарыңызбен бөлісу: