Мамандар көмбе құрамындағы нефрит балта биліктің символы есептелетін аса
таяқтың басы болуы мүмкiн дейді. Бұл б. з. д. 2-мыңжылдықтың
ортасында
билiк рәмiздерi қалыптасқанын бiлдiредi.
Қима мәдениетінің негізін үй маңындағы және жартылай көшпелі
шаруашылық құрады. Мал құрамында сиыр мен жылқының үлесі басым. Мініс
көлігіне қолданылған ауыздық секілді әбзелдер табылған.
Егіншіліктің де
біртіндеп дамып келе жатқаны байқалады. Қоладан жасалған бірқатар егіншілік
құралдары белгілі. Мамандар қима мәдениетінің соңғы сатысында пайда болған
еңбек құралдары осыдан кейінгі скифтердің құралдарымен ұқсас екендігін
айтады.
МЕРЗIМДЕЛУ
Ежелгі шұңқыр мәдениетi – б.з.д. 3-мыңжылдықтар аралығы.
Катакомба мәдениетi – б.з.д. ХХ –ХІІІ ғасырлар аралығы.
Қима мәдениет – б.з.д. ХV – VІІІ ғасырлар аралығы.
Әдебиеттер
Березанская С.С. Северная Украина в
эпоху бронзы. – Киев, 1982.
Мельников В.И. Особые виды погребении катакомбной общности. – М., 1991.
Обыдёнов М.Ф., Обыдёнова Г.Г. Севере-восточная периферия срубной культурно-
исторической общности. – Самара, 1992.
Поселения срубной культуры. – Воронеж, 1989.
Смирнов К.Ф., Кузьмина Е.Е. Происхождение индоиранцев в
свете новейших
археологических открытий. – М., 1977.
Достарыңызбен бөлісу: