Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


Тақырып.  Салғастырмалы (контрастивті)



Pdf көрінісі
бет4/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

1 Тақырып. 
Салғастырмалы (контрастивті) 
тіл білімінің мақсат- міндеттері
_________________________________________
1.1. Салғастырмалы (контрастивті) лингвистика жеке 
ғылым саласы
Тіл білімі, лингвистика (лат. lingua - тіл) - әлем тілде рінің 
шығуын, даму заңдарын, құрылымын, әлеуметтік қызметін, 
тарихи дамуын және оның жалпы ішкі заңдылықтарын 
зерттейтін ғылым саласы. Тіл білімінің қай бағыты болса да 
қарастыратын нысаны адам және оның тілі. Адамзаттың сөйлеу 
тілі тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. 
Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез 
келген тіл адам үшін, адамның өмірі үшін, қоғам үшін қызмет 
етеді. Тіл білімі қолданыстағы тілдерді қарастырады, зерттейді, 
күнделікті қолданыстағы тілдер бойынша тұжырым жасайды. 
Тіл білімінің тарихын түбегейлі түсіну үшін 
лингвистикалық 
ғылыми 
бағыттардың, 
ағымдардың, 
көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін 
ажырата білген орынды. Жаңа ғылыми бағыттар мен 
ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – 
тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік 
мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған 
пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.
Лингвистиканың кез келген бағыты тілді сан алуан 
аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің 
пікірлері бірнеше жікке бөлінеді. Олардың біразы тілді 
қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері 
тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, қайсы 
біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу 
ерекшелігіне негізделеді деп, оны психология ғылымының 
қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама 
беруде кейбір қайшылықтарға әкеледі. Көтерілген мәселелерді 


– 
10 

Салғастырмалы тіл білімі
шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен 
ағымдар, әртүрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер 
болды.
Салыстыру сыртқы қоршаған ортаны танып, білудің 
бірден-бір логикалық әдісі. Сондықтан да ол ғылымдардың 
барлығына тән. Фактілерді бір-бірімен салыстыру тек ғылыми 
зерттеулерде ғана емес, әртүрлі тілдерді үйрену, оқыту 
процестерінде де, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең 
қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған 
нысанның ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан 
өзгешелік жақтары айқындалады.
Салғастырмалы тіл білімі жалпы тіл білімінен бөлініп 
шығады, ол тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, туыс 
емес тілдерді де салғастырады. Салғастырудың нәтижесінде 
әртүрлі тілдер құрылымындағы ортақ сәйкестіктерді анықтау 
мүмкіншілігі артады. Құрылымы ұқсас тілдер бір типке біріксе, 
құрылымы әрқилы тілдер әртүрлі топтарға бөлшектенеді. 
Тілдерді географиялық белгілеріне қарай топтастыруды 
санамағанда тілдер толық зерттелмеген жағдайда олар осылайша 
да топтастырылған. Оларды ерекше айырым-белгісіне 
(критерий) қарай жеке топтарға бөлу - ертеден қолданып келе 
жатқан зерттеудің бір түрі. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде 
біз барлық тілдерге ортақ қандай да бір белгілерді немесе оларда 
кездеспейтін ерекше белгілерді анықтай аламыз. Осылайша 
тілдердің ортақ белгілері туралы айта аламыз.
Салғастырмалы зерттеу - тілдердің құрылымдық және 
функционалдық (қызметтік) қасиеттерін шығу тегіне қарамастан 
салғастыра зерттеу. Салыстырмалы-тарихи аспектілермен 
бірге, тіл зерттеудің негізгі аспектісі ретінде контрастивтік 
лингвистика өзінің табиғатымен және зерттеу принциптерімен, 
тәсілдерімен ерекшеленеді.
Контрастивті лингвистикада қолданылатын терминдер, 
екі тілде бірдей қолданылуы міндетті. Әйтсе де, әрбір термин 
тілдегі жалпы белгілерді біріктірумен қатар, әр тілдің өзіне ғана 
тиесілі ерекшелікті білдіретін белгілерді қоса көрсетеді. Осы 


– 
11 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет