Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет9/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

Салғастырмалы тіл білімі
ауытқушылық болмайды (мысалы, 
табу
тілдердің барлығын да 
кездеседі. Әлем тілдерінің барлығында дыбыстар дауысты және 
дауыссыз болып бөлінеді т.б.).
Статистикалық немесе толық емес универсалийлер көп 
кездеспейді. Аталмыш сәйкестіктер тіл жүйесінің басқа жүйеге 
өтпелі кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мәселен, әлем тілдерінің 
барлығында (арант және абазин тілдерін қоспағанда) кем 
дегенде екі дауысты дыбыс бар.
Типологиядағы универсалийлер немесе сәйкестіктер 
дедуктивті (тілдерді зерттемей) және индуктивті (бірнеше 
тілдерді қатар салғастырып) әдіспен анықталуы да ықтимал. 
Бірінші жағдайда типологиялық заңдылықтар барлық тілдер-
ге ортақ болуға тиіс деп қабылданатын теориялық болжамға 
негізделсе, екінші жағдайда нақты анықталған универсалды 
сипаттамалар сөз болады. Лингвистикалық универсалий 
мәселелерін сұрыптау кезінде бұл аталған екі тәсілдердің 
екеуі де негізге алынады. Өйткені бірнеше тілдік фактілер 
арқылы жасалған дедуктивті пікірлер кейін индуктивті 
жолмен нақтыланып, ғылыми қорытындылар жасалады. 
Мысалы: тілдік деңгейлер бойынша қарастырылатын ортақ 
заңдылықтар қатарында әр тілдің құрылымдық-жүйелік 
ерекшелігін саралау, сөздердің сөз таптарына жіктелуі, сөз 
құрамының морфемалармен сипатталуы, қосымшалардың сөз 
тудырушы және форма түрлендіруші немесе деривациялық яки 
реляциялық қызметте жұмсалуы секілді мәселелерді барлық 
тілдерге қатысты анықтау – заңды нәрсе. 
Өзінің сипаты жағынан универсалийлер элементарлық 
(белгілі бір тілдік құбылыстың кездесетінін білдіретін) және 
импликативтік болып сараланады.
Импликативтік сәйкестіктер екі тілдік құбылыстың 
арасындағы 
байланысты 
білдіреді. 
Импликативтік 
сәйкестіктердің мазмұнын былайша түсіндіруге болады: 
«Егер тілде Х құбылысы болса, онда ол тілде У құбылысы да 
болады». Алайда, керісінше, олай болмауы да мүмкін. Яғни 
тілдегі У құбылысының болуы ол тілде Х құбылысының 


– 
21 

Есеналиева Жанар
барлығын көрсетпейді. Мысалы, егер қандай да бір тілде септік 
категориясы немесе тек (род) категориясы болса, ол тілде сан-
мөлшер категориясы да болады. Немесе егер тілде сан-мөлшер 
категориясының екілік түрі болса, онда ол тілде аталған 
категорияның көптік түрі де кездеседі. Бұл тұрғыда тілдерде 
белгілі бір құбылыстардың кездесуі логикалық байланыстың 
нәтижесі деп танылады. Мысалы, 1) Қарапайым (элементарлы) 
тұжырымдамаға сәйкес, «Барлық тілдерде А құбылысы бар, ол 
бәріне ортақ және оның кездесуі - заңды» деген сияқты пікір 
айтылады. Оған дәлел ретінде барлық тілдердің құрылымдық, 
жүйелік ерекшелігі, таңбалық сипаты айқындалған, тілдік 
деңгейлері мен бірліктері сұрыпталған секілді лингвистикалық 
қағидалар келтіріледі. 
2) Күрделі (импликативті) логикалық байланыстар «егер.., 
онда...» сияқты құрылымдық сәйкестіктер негізінде жасалады. 
Айталық, «Егер тілде сөз тудырушы морфемалар болса, онда сөз 
түрлендіруші аффикстердің болуы – заңды құбылыс», немесе 
«егер тілдерде сабақтаса байланысу кездессе, онда салаласа 
байланысқан құрылымның орын алуы да заңды» және т.б.
Лингвистикалық сараптама мен статистика жүргізудің 
қиындығына көз жеткізу қиынға соқпайды. Дегенмен, іс 
жүзінде 30-ға жуық тілдер мен барлық тілдік семьяларды 
(Гринберг, 1970) зерттеген не болмаса 400 тілдік материалды 
(Соколовская, 1980) қамтыған фактілерді, 700 тілдің дыбыстық 
жүйесін талдауға арналған лингвистикалық еңбектерді алып 
қарайтын болсақ, универсалийлердің бұдан басқа сандық 
және сандық емес түрлері де кездесетініне көз жеткіземіз. 
Сандық универсалийлер тілдегі кейбір заңдылықтардың 
сандық көрсеткішін анықтайды (мәселен, барлық тілдерде 
фонемалардың саны 85-тен аспайды).
Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру тілдердің 
типологиялық классификациясын құруға негіз бола отырып
тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ерекшеліктерді дәл 
көрсетуге мүмкіндік береді. Әртүрлі тілдерді құрылымдық 
талдау тілдік универсалийлерді айқындауға көмектеседі. Жеке 


– 
22 

Салғастырмалы тіл білімі
тілдік фактілерден жалпы тілдік фактілерге қарай талдауда 
тілдік универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік 
жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан да, құрылымдық 
типология – қазіргі лингвистикада маңызды мақсат, міндеттер 
шешілетін тіл білімінің негізгі саласы. 
Лингвистикалық универсалийлер типологиялық зерт-
теу нақты тілдердің әртүрлі қабаттарынан, деңгейлерінен, 
тілдің жеке элементтерінен бастап, тілдің бүтіндей жүйесіне 
негізделгенде ғана толық анықталады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, типология және 
салғастырмалы лингвистика бір-бірінен тек мақсат-
міндеттерімен емес, сонымен қатар, тілдерді зертеуде әдіс-
тәсілдерімен де ерекшеленеді. 
Салғастырмалы типологияда зерттеу салғастырмалы 
және типологиялық сипат алады. Салғастырмалы сипат нақты 
тілдерді салғастырудағы (әдетте екі тіл салғастырылады) 
шыққан нәтижеге байланысты. Типологиялық сипат ол тілдер 
арасындағы анықталған ерекшеліктерге байланысты болады.
Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру барысында 
анықталған универсалийлер де тілдің типін анықтауға септігін 
тигізеді. 
Егер әртүрлі семья құрамына енетін салғастырылатын 
тілдердің саны көп болса немесе зерттеу барысында 
салғастыруға тартылатын тілдердің саны артса, ол зерттеудің 
типологиялық сипаты арта түседі. Мәселен, Г.М. Хашимовтың 
«Типология сложного предложения в разносистемных языках» 
(Ташкент, 2002) зерттеуінде барлығы 90 тілдей қамтылған. 
Мұндай зерттеуді «таза» типологиялық зерттеу деп те атайды. 
Салыстырмалы тіл білімі тілдерді салыстыру арқы-
лы тілдер ді зерттейді. Салыстырмалы тіл білімінде қолданы-
латын «салыс тыру» термині салғастырмалы лингвистикада 
қолданылатын «салғас тыру» терминмен синонимдес болып 
келеді.
«Универсалий», «басымдылық», «фреквенталий» және 
«уникалий» деген терминдерді белгілі бір тілдік семьяға 


– 
23 

Есеналиева Жанар
енетін тілді, топты салыстырғанда да, барлық әлем тілдерін 
салыстырғанда да қолдануға болады. Біріншіден, бұл терминдер 
мына жағдайларда қолданылады: 
1. әлемнің барлық тілдерінде (универсалийлер),
2. әлем тілдерінің көбінде (басымдылық),
3. әлемнің санаулы тілдерінде (фреквенталий),
4. әлем тілдерінң бірінде ғана (уникалий).
Екіншіден, бұл терминдер мына мәселеге қатысты 
қолданылады:
1. бір семьяға, топқа, типке енетін барлық тілдерде 
(универсалийлер),
2. бір семьяға, топқа, типке енетін тілдердің көбінде 
(басымдылық),
3. бір семьяға, топқа, типке енетін санаулысында 
(фреквенталий),
4. бір семьяға, топқа, типке енетін тілдің бірінде ғана 
(уникалий).
Типологиялық зерттеулерге осындай бір семьяға, топқа, 
типке енетін тілдерге тән тілдің типін, формалар типін, 
қатынастар типін, универсалий, басымдылық, фреквенталий 
және уникалийлерді анықтап, айқындау жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет