Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет88/110
Дата15.11.2023
өлшемі5,96 Mb.
#124104
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   110
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

ІІ.Типтік тапсырмалар
1. Типологияның да негізгі нысаны – тіл. Бірақ ол тіл 
«тарихи нысан» ретінде немесе тілдің синхронды жағдайымен 
ғана байланысты емес. Тіл болғанда ол жеке-жеке тілдердің 
тілдік жүйесі болып табылады. Тілдік жүйедегі лингвистикалық 
таңбаларды рет-ретімен сипаттап бер.
2. Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру тілдердің 
типологиялық классификациясын құруға негіз бола отырып
тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ерекшеліктерді дәл 
көрсетуге мүмкіндік береді. Құрылымы әртүрлі тілдер 
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айырудың 
жолдары көрсет.
3. Әртүрлі тілдерді құрылымдық талдау тілдік 
универсалийлерді айқындауға көмектеседі. Жеке тілдік 
фактілерден жалпы тілдік фактілерге қарай талдауда тілдік 
универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік жүйе 
ретінде қарастырады. Тілдер жүйесіндегі ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар универсалийлердің қандай түрлерін айқында.
4. В.Д.Аракиннің «Сравнительная типология английского 
и русского языков» атты еңбегін бинарлы (екі тілді) салғастыру 
деп айтуға болады. Автор ағылшын және орыс тілін 
салғастыруды тілдің қай деңгейі бойынша жүргізді, анықта.
5. Бинарлық салыстыру кейде бір тілді туыстас бірнеше 
тілдермен бірге салыстыруға ұласуы ықтимал. Ондай 
жағдайда тіл ішілік алломорфтар тіл аралық алломорфтармен 
салыстырылады. Ол алломорфтарды қалай салыстыру-
салғастырудың жолдарын көрсет.
6. Д.Ж.Бурановтың 
«Сравнительная 
типология 
английского и тюркских языков» атты іргелі еңбегін білеміз. Ол 
еңбекті бинарлы салғастыру, соны дәлелде.
7. Ғылымда «типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің 
жалғасы, соның екінші басқышы» деген пікір бар. Бұл орынды 
да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен дүние 
жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары 
жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол құрылымдық 
белгілерді қалай айқындайтынын көрсет.
8. Типологиялық зерттеу мәні, функциясы жағынан 


– 
163 

Есеналиева Жанар
тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық 
сипаты бар нысандарды салғастырады. Мұндай нысан 
фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық 
салаларында да болады. Осындай салғастыру қалай жүзеге 
асады?
9. Структуралық әдіс көп жағдайда сипаттамалы әдіске 
өте жақын. Бұл екі әдістің айырмашылығы: сипаттама әдістің 
ерекше назар аударып, негізге алатыны - тілдік элементтер мен 
категориялар, тілдік деңгейлер /қабаттар/, олардың жиынтығы 
болса, структуралық әдістің ерекше мән беріп басшылыққа 
алатыны – сол элементтер мен категориялар деңгейлерінің 
арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар, олардың бір-
біріне тәуелділігі. Структуралистік мектептің идеялары қандай 
және негізгі өкілдері кімдер?
10. Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке 
тілдер мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам 
жасалды. Сөйтіп, ғылыми тәсіл тіл білімінің жеке, дербес пән 
ретінде дамуына жол ашып берді. Салыстырмалы-тарихи 
әдістің негізгі өкілдерінің идеялары қандай?
11. Лингвистикалық типологияда оппозициялық талдау 
әдісі де кеңінен қолданылады. «Оппозиция» сөзі латынның
«opposito» қарама-қарсы деген сөзінің негізінде пайда болған. 
Лингвистикада оппозиция деп кез-келген минималды жұпты 
айтады. Тілдердің құрылымын осы әдіспен қалай талдауға 
болатынын дәлелде.
12. Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай 
топтастыру - типологиялық классификация деп аталады. 
Тілдерді бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі 
белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай 
құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі грамматикалық тәсілдердің 
қайсысы б а с ы м д ы қ ететіні. Өзің білетін тілдердің басым 
белгілерін анықта.
13. Типологиялық талдаудың жеке әдісіне т а к с о н о 
м и я (категоризация, жіктеме) жатады. Таксономия тілдік 
материалды жіктеудің жалпы ұстанымдары мен ережелерінің 
жиынтығы болса, жіктеме материалдарды топтарға бөлу болып 
табылады. Лингвистикалық типологияда таксономиялық 
жіктемелерді сызба бойынша көрсет.


– 
164 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет