Олардың құрылуымен жергілікті атқару билігі жүйесін құру процесі аяқталды. Азаматтық комитеттердің ауылдағы атқару комитеттерінің құрамы демократиялық жолмен сайланған 3-5 мүшеден тұрды. Олар таратыған ауылнайлардың құқықтарына ие болды. Осыған ұқсас өкіметтік құрылымдар көшіп келуші шаруалар селоларында да ұйымдасты. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен, 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Оған құрылтай съезі деген дәреже - статус беру патшалық басқару жүйесінен демократиялық қоғамдық құрылысқа көшудің заңды құбылыс екеніндігін көрсету мақсатынан туған еді. Съезд аяқталғаннан кейін басқару әкімшілігінің ескі жүйесін жаңамен алмастыру жоспарлы сипатқа ие болды. Мамырдың 3-і күні облыстық басқарма 4 Ақтөбе
5
уезіне болыстық және поселкелік азаматтық комитеттер құру үшін басқарма төрағасының орынбасары И.П.Салохвалов пен оның мүшесі Ф.П.Казанцевтен тұратын комиссия жіберілді. Облыстық басқарма сол кезде орын алған қосөкіметтілікті ескере отырып және өз тарапынан азаматтық комитеттердің төменгі буындарын құруға қажетті кадрлардыі жетіспегендігінен осы шараларды жүзеге асыруға солдат депутаттары кеңестерінен және қалалық думалардан көмек сұрағандығын ерекшк атар едік. Ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қыдырғалиевті белгіледі. Егер де мемлекеттік құрылыс түрінің өзгеруін (монархиядан республикаға өтуді)