болып Ахмет Бірімжанов,Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Білән Малдыбаев, Ахмет Кенесарин, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалар тағайындалды. Мұхамметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезеңде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып оны 3 үйлестіру ісімен тікелей шұғылданады. М.Тынышбаев 1917 жылғы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылысм процесін тездету мақсатымен Түркістан өлкесіндегі атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан өлкесі облыстары мен Бұхара хандығы атқару комиттетінің 171 делегаты қатысты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Губайдулла Ходжаев. Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. Жаңа мемлекеттің билеу-басқару органдарының төменгі - ауыл мен болыс деңгейіндегі жүйесін құру ісі айтарлықтай тез қармен жүрді. Бұл жүйені құруда тағайындау мен сайлау принциптері қатар орын алды. Комиссары Әлихан Бөкейханов болған Торғай обылысында жергілікті өкімет органдарын құру сәуірдің екінші жартысында облыстық және уездік азаматтық комитеттер құрылысы аяқталысымен тез қарқынмен өрістеді. Мәселен, Ақтөбе уездінің Хобда болысының бес ауылында азматық комитеттер сәуірдің және мамырдың 28-29- нда
4
ұйымдасты. Осымен қатар болыстық азаматтық комитеттерді сайлау жүргізілді.