3. ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРДІҢ
ТҮРЛЕРІ
3.1. Терминологиялық сөздіктердің топтастырылуы және түрлері
Қазіргі қазақ терминографиясы үшін өзекті деген зерттеу
нысандарының бірі - терминологиялық сөздіктердің түрлерін айқындап
алу.
Терминологиялық
сөздіктер
осыған
дейін
тіл
білімінде
лексикоргафиялық сөздіктердің бір түрі ретінде қарастырылып келді
1
.
Алайда,
терминологиялық
сөздіктердің
түрлерінің
көбеюі,
терминологиялық сөздіктерді құрастыру аясындағы проблемалық
мәселелердің жинақталып қалуы терминологиялық сөздіктердің арнайы
қарастырылуын қажет етіп отыр.
Терминографиядағы создік түрлерін айқындау сөздіктердің өзіндік
ерекшеліктерін, айырмашылықтары меп ұқсастықтарын, әсіресе, әр
сөздіктің түріне байланысты оларды түзу тәсілдерін айқындап алуға
мүмкіндік береді. Практикалық қазақ терминографиясының тарихында
терминологиялық сөздіктер көптеп шығарылғанымен, олардың түрлері,
қандай терминологиялық сөздіктердің қандай мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асыруы керектігі теориялық терминографияда белгіленіп,
нақтыланбаған. Сондықтан қазіргі қазақ терминографиясында терминоло
гиялық сөздіктердің түрлерін жан-жақты айқындап алу қажеттілігі
туындап отыр. Терминологиялық сөздіктердің түрлерін ажыратуда,
оларды жіктеп көрсетуде белгілі бір принциптерді анықтап, соларға
сүйену керек.
1
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 1993.
56
Бұл ұстанымдар екінші жағынан, сол терминологиялық сөздіктердің
түрлерін бір-бірінен ажыратып талдау барысында айқындалады. Яғни,
негізге алынатын принцип әр сөздіктің өзіндік ерекшеліктерімен тығыз
байланысты. Себебі терминологиялық сөздік түріне тән ерекшелік - оны
айқындап көрсетуде негізге алынатын принциптердің қатарын құрайды.
Анықталған терминологиялық сөздік түрлеріне тән ерекшеліктер
терминологиялық сөздікті түзушілер тарапынан қолданыс табуы, сөздіктер
түзу барысында негізге алынуы, сөздік түзу ісін жеңілдетуі тиісті.
Алдымен, терминологиялық сөздіктерді жіктеп корсетуде негізге
алатын принциптерді айқындап алған орынды. Лексикографиядағы сөздік
түрлері мен олардың өзіндік ерекшеліктері жеткілікті болғандықтан,
лексикографиядағы принциптердің терминографиядағы сөздіктерді
жіктеуде
сәйкес
келе
бермейтіндігін
де
айтып
өту
қажет.
Лексикографияны зерттеуші ғалым М. Малбақов өз еңбегінде мұндай
принциптерді сөздік түрлеріне «жіктеме жасаудың негіздері» деп
көрсетеді
1
. Ғалым М. Малбақовтың еңбегінде орыс ғалымы Л.П.Ступиннің
лексикографиядағы сөздіктерге жіктеме жасауға ұсынған жеті негізі
көрсетілген. Алайда, бұл негіздер терминологиялық сөздіктерге жіктеме
жасау үшін негізге алуға келмейді. Көрсетілген негіздердің ішіндегі
сөздіктің көлемін негізге алатын екінші негізді, сөздіктің кіріс бірліктерін,
тілін негізге алатын үшінші негізді және сөздіктегі сөздердің орналасу
ретін негізге алатын жетінше негізді ескеруге болады.
1
Малбақов М.Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. -
Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б.
57
Аталған лексикографиядағы негіздерді де ескере келе, жалпы
терминографияда терминологиялық сөздік түрлеріне жіктеме жасауда
ұстануға болатын негіздерді көрсетіп өтуді жөн көрдік. Терминологиялық
сөздіктерді негізгі мақсаты мен қызметіне байланысты, терминдерінің
берілу тәсілдеріне байланысты, сөздікте қамтылатын тілінің санына
байланысты (кіріс бірліктеріне), көлеміне байланысты және ғылым
салаларының терминологиялық сөздіктерінің жеке немесе жаппай қатар
шығарылуына байланысты жіктеуге болады, Яғни, осы негіздерді
терминологиялық сөздіктерге жіктеме жасауда негізге алған орынды.
Терминографияда негізінен, аударма, түсіндірме сөздіктер кеңінен
қолданылады. Оған қоса соңғы уақыттарда ақпараттық-ізденіс сөздік
түрлері пайда болды. Ақпараттық-ізденіс сөздіктері сөздік мақалаларды
алфавиттік ретпен орналастыру үрдісінен өзгешелеу сөздік түріне жатады.
Терминологиялық сөздіктердің мақсаты меи қызметін негізге ала отырып,
бірінші негіз бойынша аударма, түсіндірме және ақпараттық
терминологиялық сөздік түрлерін жіктеп көрсетуге болады.
Қазіргі
қазақ
терминографиясында
кеңінен
қолданылатын
терминологиялық сөздік түрлерінің бірі - аударма сөздіктер. Аударма
сөздіктердің негізгі мақсаты - ғылыми жүйені сақтай отырып, терминдерді
бір тілден екінші тілге аударып беру. Бірақ қазіргі шығып жатқан термино-
логиялық сөздіктер осы екі қызметін де сапалы түрде жүзеге асыра алмай
отырғандығын айтуымыз керек. Аударма терминологиялық сөздіктердің,
біріншіден, алфавит реті бойынша орналастырылуы терминдердің жүйелі
түрде
58
Берілуін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, алфавит ретімен
орналастыру бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратын,
әр терминнің өзіндік орны мен мағынасы терминологиялық немесе басқа
жүйені беруге негізделмеген. Алфавит реті бойынша сөздік мақалаларды
орналастыру сөздіктерді қолданушылардың қолданыс ыңғайына, қажетті
терминдерді алфавит бойынша тез табу мақсатына қарай бейімделген. Бұл
негізінен лексикографиялық аударма сөздіктерге тән басты ерекшелік.
Өйткені, бұл орналастыру тәсілінің өзі алғаш лексикографияда
қолданылып, қалыптасып, кейіннен терминологиялық сөздіктерді
құрастыру ісінде де пайдаланылған. Алфавит реті бойынша орналастыру
тәсілін
кезінделексикография
теориясының
іргетасын
қалаушы
ғалымдардың бірі Х.Касарестің өзі де жасанды ретсіз тәсіл ретінде
бағалаған еді
1
. Бұл пікірмен бір жағынан келісуге болады. Себебі, алфавит
реті бойынша орналастыру барысында терминнің әр түрлі аударылуына
байланысты, бір терминің өзі терминологиялық сөздіктің құрылымында
екі немесе үш-төрт әріпке қатысты жерлерінде қайталанып беріліп, бір
терминологиялық сөздіктің ішінде бір терминнің әр түрлі аудармасы
беріледі. Бұл терминологиялық сөздіктің жүйені беруге тиісті негізгі
міндетіне қарама-қайшы кемшілік және аталған кемшілік өкінішке орай,
қазіргі терминодлогиялық сөздіктерде кездесетіндігін де жасыруға
болмайды. Осындай шатасушылықтың салдарынан, керісінше, бір
терминологиялық жүйедегі әр түрлі терминдерді бір ғана нұсқада аударған
кемшіліктер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |