Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


Семантикалық қатынас түрлерін анықтау - ақпараттық



Pdf көрінісі
бет24/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

3.2.2. Семантикалық қатынас түрлерін анықтау - ақпараттық 
сөздіктердің негізгі құрылымы
(немесе тезаурустық терминологиялық 
сөздіктердің құрылымы) 
Кез-келген мақсатқа жетудің өзіндік даму сатысы, деңгейлері бар. 
Терминдердің де табиғатын танып, терминдердің өзіндік ерекщеліктерін, 
тілдің терминология салаларындағы әр терминнің мағынасын түсініп, 
беретін ұғымдык белгілерін тани түсу үшін терминдерге жүйе ішінде 
өзіндік семантикалық талдау жасау қажет. Терминдерді семантикалық 
тұрғыдан зерттеудің шартты түрде екі негізгі бағыты немесе тәсілі 
белгіленіп отыр. Олардың бірі - әр терминнің, терминдік элементтің 
мағынасын ашу болса, екінші бағыт - сол терминдердің арасындағы 
семантикалық қатынас түрлерін айқындау. Алғашқы семантикалық талдау 
тәсілі тіл білімінде кеңінен қолданылады. Алайда, салалық терминдердің 
семантикалық ерекшеліктері жан-жақты талдауды қажет етеді. 
Терминдердің жүйе ішіндегі басқа терминдермен семантикалық тұрғыдан 
зерттеудің жаңа тәсілі ретінде қабылдаған орынды. Бұл – шартты тәсіл 
болса да, әлемдік тіл білімінің деңгейінде тиімді тәсіл ретінде байқалып, 
қолданыста нәтиже беріп отыр.
73 


Сөз болып отырған тәсіл бойынша ғылым саласы терминдерінің 
семантикалық ерекшеліктері нақты сөздікте көрініс тауып, олардың басқа 
терминдермен түрлі деңгейдегі байланысы көрсетіле отырып сөздік 
түзіледі. Бұл – әрі семантикалық талдау жасаудың жүйелі тәсілі, әрі 
ақпараттық-ізденіс тіліне, яғни, қазіргі компютер тіліне негізделіп 
жасалатын сөздік түрі.
Тілдің ішкі салаларының, құрылымының және тілдік бірліктерінің 
арасындағы түрлі құбылыстар мен үрдістердің (процестердің), 
заңдылықтар мен ондағы тілдік бірліктерге салалық ғылымдардың ішкі 
жүйесіне сай ғылыми талдау жасалып, соның нәтижесінде қорытынды 
алынады. Ғылыми зерттеу жұмыстары ғылыми жүйенің өзіндік 
ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі жақтан қарастырылады. Салалық 
терминологияға да осындай зерттеу ерекшелігі тән. Әр терминология 
саласының терминдеріне де түрлі лингвистикалық тұрғылардан 
(аспектілерден) талдау жасалыну арқылы ғана терминдерге, сондай-ақ, 
жалпы терминология саласына тән заңдылықтар мен құбылыстарды, 
үрдістерді, олардың жалпы сипатын, терминологиялық жүйедегі орнын 
нақты ашып көрсетуге болады. Әр терминнің мағыналық ерекшеліктерін, 
терминдерге, терминологияға тән семантикалық үрдістерді ғылым 
салалары терминология жүйелерінің басқа тілдік жүйелермен (осы жүйеге 
қатысты айтқанда) семантикалық қатынас деңгейлерін байқау үшін де 
осындай семантикалық талдаулар жасалынуы қажет. Терминдерді 
ұғымдық жағынан талдап, зерттеу жүргізудің қажеттілігін,
74 


мүндай зерттеу термин табиғатын тани түсуге мүмкіндік беретіндігін А.А. 
Реформатский, А.В. Суперанская сияқты 
орыс терминолог-ғалымдары да 
өз еңбектерінде атап өтеді
1
. Себебі, әр терминнің беретін мағынасын, 
терминологиялық жүйедегі, ғылыми қатынас тіліндегі орнын білмей, басқа 
маңызды мәселелердің, теориялық сұрақтардың шешімін табуға ұмтылыс 
жасау орынсыз болған болар еді. Оның үстіне, жалпы тілдердің, ондағы 
тілдік бірліктердің табиғатын ұғымдық жағынан танып-білу кең өріс алып 
отырғанда мұндай талдаулар аса қажет. Жоғарыда тоқталып өткендей, тіл 
біліміне қатысты зерттеу еңбектерден тілдің ішкі құрылымын ұғымдық 
тұрғыдан талдау бағытының белең алып, кең қарастырылып жүргендігін 
орыс және батыс тіл біліміндегі осы бағыттағы еңбектерге зер сала 
отырып байқауға болады. Мұндай тәсіл бойынша кандидаттық 
жұмысымызда тіл білімі терминдеріне талдау жасап, тіл білімі 
терминдерінің эксперименттік тезаурус сөздігін құрастырған болатынбыз
2
.
Терминдерді семантикалық жағынан талдап, зерттеудің бірінші тәсілі 
бойынша терминологиялық өрістегі терминдердің, әр терминдік 
бөлшектердің беретін нақты семантикалық мағынасы, ұғымы анықталып, 
термин сөздердің жалпы лексикалық қордағы сөздермен ара қатысы, 
ұқсастықтары мен сәйкестіктері ашылады. Ал екнші тәсіл бір терминнің 
жүйе ішіндегі орнына, мағынасын қатысты жан-жақты ақпарат беруге сол 
арқылы басқа терминдер туралы да ақпарат беруге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет