Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

жақын 
мағыналас сөздер
деп, полисемияны 
көпмағыналас сөздер
, антонимді 
қарсы мағыналас сөздер
, омонимді 
тұлғалас сөздер
деп қолдансақ та 
орынды түсінікті болған болар еді. 
Ал орыс терминографтарының негізгі деген еңбектерінен әзірге осы 
мәселеге байланысты пікірлерді кездестіре алмадық. Бұл түсінікті де. 
Себебі орыс терминографиясы үшін, тіпті терминологиясы үшіи, бұл 
өзекті мәселе болатын жөні жоқ
1

Сөздікте тілдердің орналасу ретінің маңызды болуы терминографияның 
ғана емес, лексикографияның да, нысаны. Себебі орысша-қазақша 
сөздіктер көптеп шықпағанда орыс тілін үйренуге шектен тыс 
бейімделмеген болар еді. Салыстырмалы түрде, қазақша-орысша 
сөздіктерге қарағанда, орысша-қазақша сөздіктердің тілді үйрету 
мүмкіндігі үлкен екендігін байқауға болады. Тілдің бірінші бағанда 
орналасуы сол тілге деген, сол тілдегі мәтіндер мен тілдік қолданыстарға 
деген қажеттіліктің жоғары екендігін көрсетеді. Әрі сол тілдің қоғамда 
кең қолданыс табуына итермелейді. Терминографиядағы аталған 
мәселенің ұлттық терминдер қалыптастыру сияқты терминологиядағы 
1
Герд А. Основы научно-технической лексикографии. - М.: МГУ, 1986. Гринев С.В. 
Введение в терминологическую лексикографию. - М.: МГУ, 1986. - 102 с. Теория и практика 
научно-технической лексикографии. - М.: Русский язык, 1988. - 304 с. 
112 


өзекті мәселелермен тығыз байланысты қарастырылып отыруының себебі 
де осында жатыр. Қазақша-орысша сөздіктердің шығарылуы қазақ тіліне 
деген қажеттілікті сақтаған болар еді. Сол сияқты қазақша-орысша 
терминологиялық 
аударма 
сөздіктердің 
де 
шығарылуы 
қазақ 
терминдеріне, олардың қолданысына деген қажеттілікті дамытады. 
Ал қазақша-орысша сөздіктер, керісінше, қазақша үйрету ісіне қажетті 
екендігін де зерттеу барысында, бұл мәселеге жеке мән беру барысында 
байқадық. Бұған орыс тілді топтарда қазақ тілін үйрету сабақтарында 
көзіміз жетті. Мысалы, бір сабақ үстіндегі қазақша мәтінді орыс тіліне 
аударып келу тапсырмасын бердік. Ал тиісінше, тілді үйренуші студенттің 
берілген тапсырманы орындамау себебі мәтіндегі сөздерді толық қамтып 
аударған қазақша-орысша сөздіктің жоқ екендігімен, кейінгі шыққан 
қысқаша 
қазақша-орысша 
сөздікте 
барлық 
сөздердің 
қамтылмағандығымен байланысты болды. Бұл нақты тәжірибеден
алынған дәлел болып табылады. 
Тағы бір дәлел осы аударма жүмыстарымен байланысты. Ол осы 
уақытқа дейін аударма жүмысының көпшілігінің орысшадан қазақшаға 
аудару сипатында болып жататындығы. Тіпті жоғарыдағы мемлекет 
тарапынан жүргізілетін құжаттардың алдымен орысша дайындалып 
қазақша аударылуы да қазақша-орысша сөздіктердің қолданысын 
төмендетеді, қазақ сөздері мен терминдерінің қолданысқа еніп, 
қалыптасуын бәсеңдетеді, олардың тілдік тұрғыдан жүйеленуіне кері әсер 
етеді. Бұл- алдағы уақытта ескеруге тиісті үлкен міндеттердің бірі. 
113 


Қазақ терминографиясына байланысты айтылатын тағы бір жай, 
термииологиялық сөздіктің мақсатына, міндетіне сәйкес жасалмай жатуы, 
оның сөздік жасау барысын негізге алынбауы төңірегінде. Өйткені 
аталған орысша-қазакша аударма сөздіктеріміздің жасалуы кезінде, ең 
болмағанда, аударылып беруші казақша жағы өз мақсатына сәйкес болып 
жасалғанда да қазақ терминологиясы мұншалықты шектен тыс кірме 
сөздермен толықпаған болар еді. Алғашқы жылдары жарыққа шыққан, 
жоғарыда аталып өткеп "Атаулар сөздігінде" солай болды да. Бірақ бұл 
үрдіс осы бағытты қолдаған қазақ зиялылары ғылым сахнасынан 
кеткеннен кейін жарық көрген терминологиялық сөздіктерде жалғасын 
таппаған. 
Сөздіктің мақсатқа сай болмауы кейінгі З1 томдық терминологиялык 
сөздікте де орын алып отырғандығы арнайы дәлелдеп жатуды қажет 
етпейтін, ғылыми-көпшілік қауым айтып жүрген жайт. Бұқаралық ақпарат 
құралдарының өзі көпшіліктің бұл сөздіктен аударма сөздік ретінде 
көптеген ғылыми ұғымдарға қазақша балама берер деген үмітінің 
болғандығын" айтып, жазды. Керісінше, сөздіктің бұрынғы үрдіспен 
шығуы заңды құбылыс. Себебі 70 жыл бойы қалыптасып келген 
терминдердің барлығынын бірден аудармасын беру және оларды сөздік 
сияқты еңбекте аз уакытта аударып, қалыптастырып бере салу мүмкін де 
емес болған болар еді. Екінші жағынан, олардың сапалы аударылып 
берілуі, қалыптасуы үшін қажет екендігі өздігінен түсінікті. Бірақ бұл 
терминжасау ісін белгілі бір уақытқа ысырып қойып жүре беру керек 
деген сөз емес. 
Осыған байланысты айта кететін тағы бір мәселе: сөздіктеріміздегі 
аударылып берілмей жаткан көптеген 
114 


Шет тілідік нұсқадағы терминдер аударма нұсқасында берілмей, 
сөздіктің мақсатына сай болмай жатқан жағдайда басқа жолын табу керек 
сиякты. Біздіңше, оларды аударма сөздіктердің негізгі құрылымына 
кіргізбей, соңынан қосымша тұлғасын сақтай отырып, сол қалпында 
алынған не аударылмай қолданылатын терминдер деп бөлек бөлім етіп 
беруге 
де 
болады. Сондықтан 
бұл 
жайды 
алдағы 
уақытта 
терминологиялық сөздіктердің макроқұрылымын жобалау барысында 
және баспадан шығару барысында ескеріп, жүзеге асырған тиімді болған 
болар еді. Бұл тәсілдің тиімділігін аударуға келетін терминдер мен 
аударуға тиісті терминдердің арасындағы ара жікті айқындап беру
тұрғысынан да түсіндіруге болады. Сөздіктердің, әсіресе, аударма 
сөздіктердің өз мақсатына сай болуы үшін бұл орынды тәсіл деп білеміз. 
Бұл терминологиялық сөздіктің терминдерді тізіп, жүйелеп, жинақтап 
беруші ретіндегі ғана емес, оның шағын ғылыми еңбек бола алу қызметін 
де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғылыми терминографияны 
зерттеушілер терминологиялық сөздіктердің осындай да қызметті атқару 
керектігін айтып жүргені белгілі. Демек, сөздік тек терминдерді 
жинақтаушы еңбек ретінде қызмет етуге ғана емес, белгілі ғылыми 
түйіндерді жүзеге асыруға ұмтылатын, оларды жарыққа шығаратын шағын 
ғылыми еңбек болуға да лайықталып жасалуы тиіс. 
Сонымен бірге кейбір сөздіктердің. казақша нұсқасы берілген бағанға 
өзге тілден енген терминдерді сол қалпында беріп, қасына жақша ішіне 
қазакша нұсқасын да беріп жатады. Содан соң екінші жағына терминнің 
өзге тілдегі нұсқасы орналасатын басқа бағанда терминнің шет тілдегі 
115 


тұлғасы тағы қайталанып беріледі. Немесе орысша-қазақша сөздіктерде 
осы құрылым керісінше беріліп жатады. Бұлай беру дублет терминдерді 
беру тұрғысынан орынды. Сондықтан қазақша бағандағы аудармасы 
толық түсінікті терминдердің жанына шет тілдегі нұсқасын қайталап беріп 
жатудың қажеті жоқ. Бұл жалпы тіл білімі деңгейінде мейлі лексикограф 
ғалымдар, мейлі терминограф ғалымдар тарапынан айтылмай, мән 
берілмей жүрген мәселе екендігін де айта кету керек. Лексикографиялық, 
терминографияныи еңбектерде ұлт тілінің бірінші бағанда тұруы жалпы 
барлық тілдер үшін маңызды екендігін баса көрсеткен дұрыс. Сондықтан 
тек қазақ мемлекетінде қазақша-орысша сөздіктердің жарыққа шығарылуы 
ғана емес, Украинада украинша-басқа тілдегі, Өзбекстанда өзбекше-басқа 
тілдегі, Ресейде орысша-басқа тілдегі сөздіктердің жарыққа шығарылуы 
қадағалануы керек. Ал орысша және өзге тілдердегі сөздіктердің үлес 
салмағы кез келгеи елде көп екендігін ескерсек, белді деген Ресей 
терминограф ғалымдарының бұл мәселеге мән бермей отырғандығының 
негізді екендігін, олардың ғылыми еңбектерінде бұл мәселенің 
қамтылмауының орынды екендігін айқынырақ дәлелдей алады. 
Жинақтай келгенде, терминологиялық сөздіктер жасау ісі де, әсіресе 
ондағы тілдердің орналасуы да, терминологиялық мәселелермен тығыз 
байланысты. Екінші жағынан, терминологиялық сөздіктерде болсын, 
лексикографиялық сөздіктерде болсын мемлекеттегі мемлекеттегі тілдің 
бірінші орналасуы мемлекеттік тілдің қызметін жүзеге асыру, мәртебесін 
іс жүзінде көтеру, ғылым, қоғам аясындағы айналымын дамыту, тілді 
үйренушілердің 
116 


қолдануы үшін де маңызды. Үшіншіден, тілдің сөздікте бұлай орналасу 
тәртібі ұлт тілінің аударма тілге айналмауына өзге ұлт, халық тілдері 
тарапынан да едәуір болса да қолданысқа ие болуына, іске жарауына 
ықпал етеді. Терминография тұрғысынан, ең бастысы ұлттық 
терминдердің қалыптасуына негіз болады. Кез келген сөздікте ұлт тілінің 
бірінші бағанда тұру-тұрмауы сол тілге деген қажеттілік деңгейін көрсетсе 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет