Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен №1 межелік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата16.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#124244
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тариххх

Қазақстан тарихы
 - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 
1730
-
1770
 жылдары 
қазақ билеушілерінің
 едәуір бөлігі 
Ресей империясының
 басшылық рөлін ресми 


түрде таныды. Бұл 
Қазақстанды
өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп 
соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы 
күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру 
жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің 
бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық 
кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз 
тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 
1991 жылдан
 кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, 
өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар 
тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, 
тоталитаризм, 
жеке 
адамға 
табынушылық 
идеологиясының 
ықпалымен 
көрінеу 
бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы 
Еуразия
 
даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған 
Ресей
 ділінің тұрғысынан 
пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа 
көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы 
тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық 
тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдын қиындауымен ерекшеленеді. 
Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, 
оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Сонымен 
бірге қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты кұбылыстар өpic алды: көшпелі қжымдар арасында 
ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік құрылымдары жолындағы ішкі 
саяси күрес күшейді, сол жылдарда қазіргі Қазақстан аумағында «барша жұртқа қарсы 
баршаның соғысын» бастаған «келте хан» дейтіндер бас көтерген еді. Бұл соғыстар мемлекеттің 
экономикалық негізін әлсіретті, оның материалдық ресурстарын азайтып, адамдар шығынын 
көбейтті. Бұл дәстүрлі көшіп-қону жолдарының өзгеруіне және жалпы алғанда көшіп жүру 
жүйесінің бұзылуына әкеп соқты. Ақырында, қазақ қоғамының дамуындағы келеңсіз оқиғалар 
мен қайшылықтардың шырқау шегіне жеткен кезеңі Қазақстан тарихына «
Ақтабан 
шұбырынды»
деген атпен енген 
1723

1727
жылдар болды. Бұл қансыратқан қасіретке толы, 
ашаршылық, адамдар құрбан болып, экономика күйзелген, өндіргіш күштер кұлдырап, мәдениет 
кері кеткен заман еді. Сонымен бірге тұрмыс салты бір номадтардың, шынына келгенде, 
дүниежүзілік империялар мен алып көршілерінің «үлкен саясатына» құрбан болған туысқан 
халықтардың өзара соғысқан фактісі назар аудартады. Қалай болғанда да, Отан тарихында 
ұзаққа созылған қазақ-жоңғар соғысының болатаны, онда жоңғарлар агрессиясына қарсы қазақ 
халқының халықтық жасағының шешуші рөл атқарғаны анық. Егер туған жер және ата-бабалар 
қонысы қорғалғанын ескерсек, жай ғана жасақтар соғысы емес, 
Отан соғысы
деуге болады. 
Туған жерінің батыс және солтүстік-батыс шекарасына қарай ығыстырылған қазақ рулары 
Еділ
 
мен 
Жайық
 арасындағы кен жайылымдарды пайдалану шиеленісіне тап болды, мұның өзі орал 
қазақтарымен және қалмақтармен қайшылықтарға әкеп соқты. Оның үстіне жоңғарлар 
агрессиясы салдарынан 
қазақ жүздері
арасындағы шаруашылық-саяси байланыстар едәуір 
әлсіреп кетті, ал оның одан әрі асқынуына руаралық араздық пен бытыраңқылық себепші болды. 
XVIII ғасырдың бірінші ширегінде еуропалық өнеркәсіп өркениеті өрістеуінін басымдығы 
айқын аңғарылып, ол әскери істің пәрменді дамуынан көрінді. Оқ ататын қару мен артиллерия 
атты әскерді ығыстыра бастады. 
Ресей империясының айыр басты бүркітіне Қазақстанның бағынуы бір сөзбен айтқанда, 
1731 
жылдан
 бастау алады. Бұл Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханның Ресей императрицасы 
Анна 
Иоанновнадан
 бодандыққа қабылдап, қамкорлыққа алуын өтінген жылы еді. Әбілқайыр ханның 
жасаған әрекеті тарихнамада өте қайшылықты бағаланды. Оның жағымсыз жақтары деп: жеке-
дара билікті көздеген зымияндық, ол барлық қазақтардың атынан әрекет жасағандықтан, қазақ 
руларының мүдделерін елемеу; Әбілқайыр мен онын айналасындағылардың құдіретті 
державаның қамқорлығы арқасында басқа бақталастарынан астамдық алуы аталды. Әбілқайыр 


бастаған Кіші жүз қазақтарының Ресеймен құжатқа қол қоюын ақтайтын себептер арасында 
мыналар: сыртқы саяси факторлар — жоңғарлар агрессиясына тойтарыс беру қажеттігі; 
Иран
 
шаһы Нәдірдің жаулаушылық әрекеттеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік шептеріне қауіп 
төнуі; Орта Азия хандықтарының Оңтүстік Қазақстан жерлеріне сұқтануы; қазақтардың 
шекаралас жерлеріне башкұрттардың, 
Еділ қалмақтарының

Жайық қазақтарының

Сібір
 
әскерлерінің жиі-жиі шапкыншылық жасауы аталады. Ішкі және басқа да кейбір факторлар — 
рулық ақсүйектер мен жергілікті билеушілер сепаратизмін түп-тамырымен жою қажеттігі; бір 
орталыққа бағынатын мемлекет құру керектігі; қазақ халқының жоңғарлар тарапынан ұзақ 
уақыт бойы жасалған агрессиядан, 
хандар

сұлтандар
, ақсақалдар арасындағы өзара қырқысқан 
соғыстардан, сыртқы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей экспедицияларының қазақ 
даласына жасаған барлаушылық қызметі мен қалмактар жаулап алған қазақ жерлерінде 
бекіністер салуы; А.И. Тевкелев, И.И. Неплюев және басқалар арқылы Әбілқайырды орыс 
бодандығын қабылдауға итермелеген Ресей дипломатиясының кызметі; XVIII ғасырдың бірінші 
ширегіндегі Қазақстанның экономикалық жағдайының қиындығы айтылады. 
1731 жылғы
19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Әбілқайырханға Кіші жүзді Ресей 
бодандығына қабылдау туралы сыйлық грамотаға қол қойды. 1731 жылғы 10 қазанда Әбілқайыр 
ханмен бірге әр рудан өкіл болған 56 адам: арғыннан — 17, найманнан — 7, қыпшақтан — 4, 
тамадан — 2, жағалбайлыдан — 3, кердеріден - 1, алаштан — 4, байбақтыдан — 2, жаппастан - 
2, масқардан — 2, табыннан — 10, шөмекейден — 1, кетеден — 1 адам қол қойып, Ресей тағына 
ант берді. 
Кіші жүз бен Орта жүз ақсақалдары мен сұлтандарының 
1740
 ж. 
Орынбор
 маңында өткен съезі 
Ресей бодандығының алғашқы нәтижелерін нығайтуға себепші болды. Оған қатысқан 
Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын 
қабылдауды жақтап, Қазақстанды жоңғарлардың басып кіру қаупінен қорғауға ұмтылды. Кіші 
жүз бен Орта жүз сұлтандары мен ақсақалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейге Орта жүздің 
бір бөлігінің ғана бағынғанын көрсетті. Ал 
Солтүстік-Шығыс
және 
Орталық Қазақстанның
 
негізгі аймақтары империяның құрамына патша өкіметінің әскери-саяси әрекеттері салдарынан 
XIX ғасырдың
20-40-жылдарында ғана кірді. I Петрдің арманы іске асырылды. Қазақтардың 
Ресей империясына протектораттық тәуелділікті тану проблемасы көптеген зерттеушілердің 
еңбектеріндегі талдау тақырыбына айналды.
[23]
 Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары бір бөлігінің 
Ресей билігін тану мәселесі Білім және ғылым министрлігі — Ғылым академиясының отандық 
тарих пен халық бірлігі жылына арналған сессиясында да қаралды (1998 ж. 4шілде).36 Халық 
жазушысы, белгілі зерттеуші М. Мағауин Қазақстан тарихына өз көзқарасын «Қазақ тарихының 
әліппесі» деген кітабында (А., 1995) баяндаған. Онда қазақ мемлекеттілігінің көкейкесті 
проблемалары, қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресінің негізгі кезеңдері 
қарастырылып, отандық тарихты зерделеудегі бірсыпыра, оның ішінде кейбір елеулі 
олқылықтар анықталған. 
Бүгінгі таңда Шығыс халықтары үшін Ресейдің атқарған рөлін бағалауда не өзгерді? Егемендік 
пен тәуелсіздік алғаннан кейін ақиқатты қаймықпай айтуға қол жетгі. К. Маркстің «бүкіл 
пасықтығына және славяндық ластығына қарамастан» деген сөздері нақты мазмұнмен толықты. 
Орталық Азияның халықтары үшін Ресейдің «бүкіл пасықтығы және славяндық ластығы», кесіп 
айтқанда, қазақтарды отарлауы, геноцид пен этноцид, орыстандыру, күнарлы жерлерін тартып 
алу саясаты, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншу және т.б. түрінде көрініс тапты. Бұған ұлт-
азаттық қозғалыс тарихы жөніңде жарияланған көптеген деректі жинақтар, сондай-ақ Ғ. 
Сапаргалиевтің «Патша өкіметінің Қазақстандағы жазалау саясаты» деген монофафиясы (А., 
1960
) дәлел болады. Айтыс қызуына беріліп, зерттеушілердің кейде тым қызбалыққа, 
бірбеткейлікке жол беруі де әбден мүмкін. «Пасықтық пен славяндық ластықты» тым 
қоюландыруды, ал оның 260 жыл ішінде әбден қордаланып қалғаны да рас, біздің Ресейдегі 
әріптестеріміз кейде үстірт қабылдайды. Мұның бәрін түсінуге болады. 


Сонымен бірге, бірең-сараңын қоспағаңда, Қазақстан зерттеушілері бұрынғысынша Шығыс 
жөніндегі Ресейдің өркениетшілдік рөлін барынша атап айтады. Ол шетаймақ халықтарын орыс 
және еуропа мәдениетіне тартуда, өндіргіш күштерді жедел дамытуда, империя құрамында бүкіл 
дүниежүзілік тарих үрдістеріне қатысуда болатын. 
Қалай дегенмен де, Ресей құрамындағы Қазақстан тарихы проблемаларының тарихнамалық 
ізденістері осы бағытта жүріп келеді. Бұл тезисті өлкені отарлау тарихнамасын зерттеу 
мысалымен дәлелдеп көрелік.
56.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі. 
57.
Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы. Кіші жүздегі 
хандық биліктің жойылуы. Айлина
58.
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар. 
59.
Бөкей хандығының (ішкі орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, 
шекарасы. 
60.
Жер мәселесі.ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоныс аудару саясаты және 
«столыпиндік жаңғырту». Бекбол
61.
Көшпелі, дәстүрлі қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымы. Никто
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет