Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен №1 межелік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата16.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#124244
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тариххх

Ботай мәдениеті
— 
энеолит
 дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. 
Солтүстік Қазақстан облысы
 
Айыртау ауданының
 
Никольское
 ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 
1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген 
Солтүстік 
Қазақстан университетінің
 
археологиялық
 экспедициясы 
(1981 — 83, жетекшісі В.Ф. 
Зайберт
)
15 
га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне 
жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта 
үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. 
Ботай мәдениетін жасаған 
тайпалар
 жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, 
қанжар

жебенің

найзаның
 ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын 
көрсетеді. Сонымен қатар 
гарпун

ине

жуалдыз

тескіштер

тұмар
 және 
әшекей
 бұйымдардың 
кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына 
Атбасар
 
неолиттік
 мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті 
Жайық
 пен 
Ертіс
 өзендерінің 
аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
Ғалымдарды
табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар 
сүйегін зерттейтін ғалым
-
остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 
133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары 
бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының 
сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан 
ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген 
жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда 
қолданылған. Күні
бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер 
айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға 
бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, 


Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар
ортақ пікірге 
сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы 
болған.
9.
Көшпелі шаруашылық: түрлері, ерекшеліктері мен таралу аймақтары.
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес 
халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани 
құндылықтарының
 даму 
сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу 
барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар 
қалыптасты. 
Америка
 тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы 
жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) 
ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде 
бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға әсіре табынушы 
кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 
(О.Шпенглер), кейде 36 
өркениет
 ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы 
тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте 
көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылықпен қарап, 
"тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-
өрбу негізі, географиялық-табиғи аясы далалық болып саналатын, көшпелі шығыс жұртының 
өзіндік өркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, академик 
А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс 
Сібір өркениеті шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқты", – деп атап 
көрсеткен. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі 
қолданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов б.з.б. ІХ ғасырдан б.з. ХІ ғасыр аралығында көшпелілер 
мәдениетінің өрлеу дәуірі, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда 
«жасампаздық эволюцияны» бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде кеңестік тарихнама 
жоққа шығарған Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс, ғылымға "Дала өркениеті" 
– деген атпен ене бастады. Оның әлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері 
Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып 
Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық 
емес, 
Азияның
 жалғасы сияқты. Ал тарихты оқитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезеңде 
Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке 
жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, 
түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзақ уақыт Азияның отары 
сияқты болды» - деп атап көрсетті. Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі 
Дешті 
Қыпшақ
 төсінде эволюция жолымен қалыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, 
жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этнотарихи жүйесін 
Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді 
күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени 
икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- 
еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы әлеуметтену үрдісі мен нәсілдік-
генетикикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай 
арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. 
Металл өңдеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол 
табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық 
байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі 
қалыптасты.\
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды 
қолға үйрету. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға 
үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі 
— таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. 


Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған. Сиыр 
тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі анықталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да 
ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) 
табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде 
дәлелденген.
Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны 
қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты. Қазақстан жерінде ең көне мал 
сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуілді, Орталық 
Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым 
қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, 
ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған. Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй 
маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу 
орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, 
өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында 
сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі 
табылған.
Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, 
таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай 
көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.
Көшпелі шаруашылық түрлері. Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан 
жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын 
көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым 
болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX 
ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір 
уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, Қазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал 
уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір 
жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, 
бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
10.
Атқа міну мәдениеті. Ат (жылқы) әбзелдері. 
Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау 
ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін 
зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерін­де ауыздықтың ізі қалған. Ол 
жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, 
тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан 
қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана 
қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің 
солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі­зіл­ген қазба жұмыстары 
жылқы­ның тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аума­ғын­да қолға үйретілгенін дәлелдеді. Ата-
бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну 
мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.
Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов қазақ 
өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен 
ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде 
Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ол өзінің қазақ жеріндегі 
зерттеулері жазыл­ған күнделігін «Из Сибири» еңбе­гінде жариялады. Бұл еңбектің «Тюрк­ские 
степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті 
жайлы көп айты­лады. В.В.Радлов зерттеулерін Ал­тай қырғыздарымен, яғни қара-қызғыз­дармен 
салыстыра отырып зерттеп, сипат­тап жазды. Қазақтардың материал­дық мәдениетінің жай-күйі 
қоғамның көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Материалдық мәдениеттің маңызды дерегі болып 


табылады. Қарапайым ең­бек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қол­өнер­шілер жасап отырған. 
Қазақтың ер-тұр­ман әбзелінің ішіндегі ердің сырт­қы түрі мен дайындау тәсілінде жергі­лік­ті 
ерекшеліктер байқалады. Олардың үлгі­лері тиісті өзіндік атаумен аталып келді.
Ғалым өз зерттеулерінде қазақтың ат әбзелдеріне ерекше көңіл аударды. Оның пікірінше, ердің көп 
таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған алдың­ғы қанаты кең «қазақы ер». Мұндай ерлер құрамдас 
бес бөліктен – алдыңғы қас пен артқы қастан, екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрды. Ердің 
ағаш сүйегі мұқият өңделді, ал халықтың ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен қаптап 
түрлі-түсті бағалы тас­тан көз салған түрлері болды. Әсіресе, әйелдерге арналған ер сәнді 
безендірілді. Қазақстанның оңтүстік аймағында ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ол 22 
құрамдас бөліктен тұрған және бұл элементтердің әрқайсысының өз атауы болған, бұл бөліктердің 
барлығы желім­мен жапсырылып, күміспен неме­се алтынмен безендірілген. Ер-тұр­ман әбзелдерін 
жасау негізінен ерші­лер­дің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге барлық ат 
әбзел­де­рін: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жү­ген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қам­шы, және т.б. 
жасап оларды әсемдеп-көркемдеп отырған.
В.В.Радлов «Тюркские степные кочевники» атты еңбегінде қазақтар аттың үстіне отыруды бала 
кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз» деп жазды. 
Қазақтардың ер-тұрманы бірнеше бөліктерден тұрды:
Аттың басына тағылатын бөліктері:
1) Ауыздықтан тұратын жүген, аттың аузының екі жағында тұратын сақина тәріздес сулық, жақтың 
астында тұратын белбеуі сағылдырық, ауыздың астыңғы бөлігіндегі кеңсірік, сондай-ақ тізгін, 
шылбырдан тұрады.
2) Ноқта.
3) Ер: а) қазақы, яғни жарты ай фор­масындағы ер адамдарға арналған ер; б) қоқандық ер немесе 
сырлы ер, сарт ер деп аталатын әйелдерге арналған ер. Қоқан­дық ер қайыңның қабықтарынан 
жабыстырылып, жылтыратып жасалынады.
Жергілікті қазақтарда ердің ең көп таралған түрі «қазақ ері» болғандықтан, оны ер адамдар да, әйел 
адамдар да қол­данды. Ал В.В.Радлов ер адамдардікін қазақ ері атауымен, ал әйел адамдардікін 
басқаша атаумен, яғни қоқандық ер деп атаған. Жасалуы мен безендірілуі жағынан қоқандық ер 
Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі құранды ермен сәйкес келеді. Екеуінің де бөліктері желіммен 
жапсырылып, сыртынан қайыңның қабығымен тартылып, күміспен немесе алтынмен безендірілген. 
Яғни, ғалымның мұндағы қоқандық ер деп отырғаны құранды ер деп санауға болады. Қазақ ері 
В.В.Радлов жазбаларында «қырғыз ері (қазақ ері)» деп аталады. Бұлай атауының себебі сол кезде 
қазақ жеріне жер аударылып келгендер жергілікті қазақтарды қырғыздар деп атаған. Енді ердің бұл 
түріне тоқталатын бол­сақ, жергілікті қазақтар оны бес бөлік­тен тұратындай етіп жасаған, дәлі­рек 
айтсақ, алдыңғы қас, артқы қас, екі жақ­тағы қапталдан және орта ағаштан тұрған. Ал В.В.Радлов 
жазбасындағы оның айырмашылығы – төрт бөліктен тұрған: алдыңғы қас, артқы қас және екі 
қанатты қаптал. 
В.В.Радлов зерттеулері арқылы, ер-тұр­мандардан халықтың әлеумет­тік жағдайына байланысты 
айырмашы­лықтарды да көруге болады. Дәулетті емес қазақтардың аттары қарапайым 
безен­дірілген. Ал бай-қуатты адамдар­дың ат әбзелдері күміспен, қымбат әшекейлермен сәнделген. 
Сондықтан да ат иесінің әл-ауқат жағдайын осыған қарап-ақ ажыратуға болатын. Осы жөнінде ғалым 
ең қымбат қазақ ер-тұрмандар күміспен әшекейленіп жасалатынын және оны тек бай қазақтар ғана 
сатып алатынын айтады. Әйелдер ерінің әшекейленуі әл-ауқатына байланысты емес, яғни күміспен 
әшекейленеді.
Ат үстінде жүрген көшпенділер неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап 
тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып 
бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 
Ер қанаты – ат демекші, аттың үстінде еркін отыруды үйренген сарбаз шапқан аттың үстінен садақ 


тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы 
әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп 
өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы 
бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі болып 
табылады. Жаумен шайқасарда қылыш ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
В.В.Радлов сонымен қатар қазақ халқы­ның ұлттық ойындарына, оның ішінде жылқымен 
байланысты ойын­дарға тоқталды. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі – теңге алу. Теңге алу 
ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерге күміс теңге қойылады. Ойыншылар атқа мініп, шауып бара 
жатып, жердің үстінде жатқан тиынды еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны сыйлық 
ретінде ат үстінен алған адам иеленіп кетеді, сөйтіп жеңімпаз атанады.
Сонымен қоса жарысқа қатысу­шы­лар өздерінің күштерін де көрсете білген. Мысалы, салт атты 
адам ат үстінде отырып, жерде тұрған қойдың артқы аяғынан ұстап алып, жоғары көтерген және 
арлы-берлі теңселтіп, бірден лақтырып жіберген яғни, оның қолында малдың аяғы мен терісінің бір 
бөлігі қалуы керек. Сонда қой жерге өлген күйде түскен. Мұндай жабайылық өнер көрермендеріне 
ұнаған.
Тәуелсіз ел болып өмір сүру үшін ұлт­тық санамызды, болмысымызды сақ­тап, жастарымызды 
жарқын бола­шаққа тәрбиелеуде Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақа­ласындағы Атқа міну мәдениетінің тарихын зерттеуде ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын, тарихын, 
этнографиясын зерттеп жазған В.В.Радловтың еңбектерінің маңызы зор. Қазақ мәдениетін ХІХ 
ғасырда келген көптеген шетелдіктер зерттеді. Дегенмен, солардың ішінде В.В.Радловтың 
зерттеулерін қазақ этнографиясы, оның ішінде атқа міну мәде­ниеті туралы толығырақ жазылған 
еңбек деп бағалауға болады.
Жылқы – қазақ халқының сенімді серігі, елтаңбамызда қанатты тұлпар бей­неленуінің сыры осында. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде атакәсібіміз – жылқы шаруашылығын дамыту қайта­дан қолға 
алынып отыр. Қазіргі таңда жыл­қыны ондап, жүздеп, мыңдап өсіре­тін шаруалар, кәсіпкерлер 
қатары өсіп келеді. Ұлттық ат ойындары: ат бәйгесі, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, жамбы 
ату, асауды үйрету, т.б. қолға алынып, қайта жаңғыруда.
11.
Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің 
ерекшеліктері. 
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір 
дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. 
Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне 
жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа 
тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді 
адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты 
обалар). Орталық 
Қазақстанда
 
ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен 
жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс 
жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық 
Қазақстанда
 
ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын 
аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер 
түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, 
тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі 
“маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш 
ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық 
Қазақстанда
 
қола 
және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама 
жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер 
тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын 
байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық 
қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте 


аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., 
алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде 
(Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), 
Нұра
 
өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. 
аумақтарда белгілі. Солт. 
Балқаш
 
өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның 
жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер 
қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар 
қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген 
арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама 
беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) 
ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің 
үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік 
қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-
сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және 
біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда 
беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы 
саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне 
ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе 
сүйек
 
сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан 
артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық 
ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің 
қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді 
мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы 
композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” 
ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен 
көркемделген.
12.
Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақ 
тайпалары. Савроматтар мен сарматтар.
Темир дәуірі
 - 
тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның 
бірінші кезеңін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет