321
ықпал етеді және жұмыс процестерінің нақты әрі жылдам болуын қамтамасыз
ететін бірден бір құраушы болып табылады.
Кез келген өндірістің басты
мақсаты- сапаны жақсарту мәселесі болып табылады. Міне сондықтан,
кәсіпорында біріктірілген сапа жүйесін жүргізу маңызды.
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын
шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері
көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО
9000 сериялы халықаралық стандарттарында белгіленген сапа жүйесі
қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі – сапаны басқаруда өнімнің өмірлік
циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің
өмірлік
циклі -
өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау,
өткізу,
жою және
кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып
отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып
табылады.
Жалпы бұл процесстерді арнайы схема арқылы түсініп, біріктірілген
жүйе ретінде қарастыруға болады. Ол схема төмендегідей болып келеді:
Медициналық
бұйымдардың сапасын бақылау, біріктірілген жүйе
ретінде қарастыру жалғасады. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа
айналым басталады.
Дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес,
біріктірілген сапа
жүйесін зерттеу арқылы оның қазіргі таңда өндіріс пен өнеркәсіпте елеулі
орын алатынын көрсеткім келіп отыр. Және жоғарыда келтірілген мысалдар
мен схемалар негізінде
медициналық бұйымдар мен жабдықтарды шығаратын
кәсіпорында біріктірілген сапа жүйесін жүргізу, айналмалы экономикаға
айналдыру қазіргі таңда баса назар аударатын сала екендігін атап өткім келеді.
Зерттеулер мен талдаулар жүргізу нәтижесінде
көтеріп отырған өзекті
тақырыбым осы болып табылады. Сапа жүйесін құру, басқару және
бірорталықтандырылған жүйе ретінде қарастыру маңызды.
Сапа жүйесінің
қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы,
әдістемесі,
ресурстар мен
процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару
шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің
арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын
бөліп беру болып
табылады.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, медициналық бұйымдар мен
жабдықтарды шығаратын кәсіпорында біріктірілген сапа жүйесін жүргізу,
айналмалы экономикаға айналдыру қазіргі таңда актуалды.
Қандай да бір
бұйымды алу үшін ең алдымен сапа жүйесі құрастырылып, қадағалануы тиіс.
Арнайы бөлімшелер мен топтардың құрылуының нәтижесінде барлық
процестер сәйкесінше жүзеге асырылатын болады.