76
бізді алаңдату керек. Менің жұмысымда қазіргі қоғамдағы микропластик
мәселесі, нақтырақ айтатын болсақ, оның адамға әсері және оны шешуге деген
менің ұсынған шешімім туралы баяндалады.
Микропластиктердің проблемасы, кез келген
өлшемдегі пластикалық
заттар сияқты, олар зиянсыз молекулаларға ыдырамайды. Планктоннан жауын
құрттарына дейінгі тіршілік иелері және адамдарда оларды жейді, бұл әртүрлі
деңгейдегі экожүйелер денсаулығына әлеуетті қауіп төндіреді. Пластмасса
өндірісі 1950 жылы жылына екі миллион метр тоннадан жылына 300 миллион
метр тоннаға дейін және 2050 жылға қарай болжанған 33 миллиард метр
тоннаға дейін өсетіндіктен проблема тек өседі деп күтілуде.
Ең алғаш микропластик адам фекалиясының
құрамынан анықталғаны
туралы 2019 жылы жарияланған зерттеуден білеміз. Зерттеуге Еуропаның жеті
елінен және Жапониядан келген 33 пен 65 жас аралығындағы үш ер адам мен
бес әйел қатысты. Қатысушылар бір апта бойы тамақ күнделігін жүргізді,
содан кейін сынақ үшін нәжіс үлгісін берді. Барлық нәжіс үлгілері
микропластикке оң нәтиже берді. Сегіз қатысушының екеуі күн сайын сағыз
шайнады. Алтауы теңіз өнімдерін жеді. Апта бойы олардың барлығы
пластикке оралған тамақты жеді. Қатысушылар орташа есеппен ПЭТ
бөтелкелерінен (полиэтилентерефталат, пластикалық бөтелкелерді жасау үшін
жиі қолданылатын материал) күніне шамамен 25 унция су ішкен. Осылайша
микропластик 2021 жылы жарияланған зерттеуге
сәйкес адам қанында
табылған. Кейінгі зерттеулерге сәйкес ана сүті құрамында, қақырықта,
плацентада, өкпеде тіпті лимфоциттерде анықталған.
Олардың адамға әсері
зерттеулердің жеткіліксіздігінен әлі де толық анықталмаған.
Бірақ 2021 жүргізілген Нанкин университетінің, Қытайдағы зерттеуіне
сәйкес ішектің қабыну ауруы (IBD) бар адамдардың нәжісінде
микропластиктер 50% артық екені анықталған.
Алдыңғы зерттеулер
микропластика зертханалық жануарларда ішектің қабынуын және басқа да
ішек
проблемаларын тудыруы мүмкін екенін көрсетті, бірақ бұл адамдардағы
ықтимал әсерлерді қарастыратын алғашқы зерттеу. Ғалымдар IBD бар
адамдардың кептірілген үлгілерінен грамына 42 микропластик бөлікшелерін
және сау адамдардан 28 микропластик бөлікшелерін тапты.
Қытайдағы
Нанкин университетінің зерттеушілері: «Соңғы жылдары Азиядағы дамушы
елдерде IBD таралуы күрт өсті», - дейді. «Қытайда 2025 жылға қарай 1,5
миллион IBD бар науқас болады деп болжанып отыр,
бұл ауыр ауруға
шалдықтырады».
Осылайша, келешекте бұл микропластик мәселесі керекті шаралар
қолданбаса, өрши беретіні анық. Мен ұсынатын шешім, осы мәселенің аз да
болса, шешілуіне үлес қоспақ. Микропластик қосымшасы. Қосымшаның
негізгі артықшылығы оның функционалдығында, ауқымдылығында және осы
мәселеге сәйкес өзектілігінің өсуінде. Мақсатты аудитория – мәселеге бей-жай
қарамайтындар, мед. студенттер, дәрігерлер, экологтар.
There are no passengers on Spaceship Earth, we are all crew («Жер» ғарыш
кемесінде жолаушылар жоқ, бәріміз экипажбыз).
Достарыңызбен бөлісу: