202
плюрализм туралы тезис теориялардың
өлшемсіздігімен қосылғанда
плюрализмді тудырады.
Ғылым методологиясындағы анархизм
- бұл ереже бойынша, əр ғалым
ешқандай қайшылық пен сынға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет.
Фейерабендтің концепциясында анархизмге теорияның пролиферация
принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы əкеледі.
Фейерабендтің
пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға
бағынбайды, сол себепте, ғылымның
дамуы иррационалды, яғни, ғылым
идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ.
Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен
айыру жəне ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
Стивен
Тулминнің
концепциясына
келесі
ұғымдар
қатысты:
рационалдылық пен түсінудің
стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды
популяциялар.
Рационалдылық пен түсінудің стандарттары
- «ғылыми
теорияның
негізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін жəне
тарихи қалыптасу теория сияқты дамитын эпистемологияның негізгі ұғымы
болып жарияланады.
Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сəйкес оқиғалар
мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми
білімнің рационалдылығы,
Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сəйкес келу.
Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның
өзгеруімен ауысады -
үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: