Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Тәрбие процесі білімді, арнайы дайындықтан өткен мамандар тарапынан жүзеге  асырылады. Тәрбие процесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет103/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Тәрбие процесі білімді, арнайы дайындықтан өткен мамандар тарапынан жүзеге 
асырылады.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері: 

 
Тәрбие – мақсатқа сәйкес жеке басты 
қалыптастырушы процесс
. Тәрбие – арнайы 
ұйымдастырылған, басқаруды, бақылауды қажет ететін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің 
арасындағы қарым-қатынасты тудыратын, қоғамға, ортаға қажет процесс. Мұнда 
оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен әрекет екеуінің де 
мақсатының 
бірлігімен ерекшеленеді. 

 
Тәрбие процесі – 
көп факторлы,
ол 
объективті
және 
субъективті факторлардың
жиынтығынан тұрады. Субъективті факторларға – жеке бастың ішкі қажеттіліктері жатса, 
объективті факторларға – жеке бастың тіршілік ететін және қалыптасатын ортасы 
жатады. 

 
Тәрбиенің тәрбиешінің әрекетіне, оның дербес ерекшеліктеріне, мінезіне олардың 
тәрбиеленушілерге қарым-қатынасына байланыстылығы. 

 
Тәрбие процесінің нәтижесін оқыту процесіндегі сияқты тез арада 
көре алмау
.

 
Тәрбие процесінің қозғалмалылығы (динамикалылығы), өзгермелі-лігі.

 
Тәрбие процесінің ұзақтығы. Тәрбие процесі адамның өмір бойына созылады. 

 
Тәрбие процесінің үздіксіздігі. Мектептегі тәрбие процесі – үзіліссіз, жүйелі түрде 
жүзеге асады. Бір ғана «тәрбие сағатын» өткізіп оқушыларды тәрбиелеп тастадым деуге 
болмайды, балада көзқарас қалыптастыру үшін бірнеше жұмыс жүйелері қажет. Егер 


67 
жұмыста үзіліс болып қалса, келесі жолы тәрбиешіге баланың санасындағы 
материалдарды жаңалап отыруға тура келеді.

 
Тәрбие процесінің кешенділігі (комплекстілігі). Комплекстілік дегеніміз – жеке басты 
дамыту мақсатында мақсаттың, міндеттің, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерінің бірлігі. 
Комплексті мазмұн тәрбие процесінде бірқатар педагогикалық талаптарды орындауды, 
тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының дұрыс ұйымдастырылуын талап 
етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет