Әлеуметтік даму
– қоғамға, қоғамдық, идеологиялық, экономика-лық, өндірістік,
құқықтық т.б. қатынасқа біртіндеп ену.
Рухани даму
– өмірде өз орнын сезіну, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында өз
жауапкершіліктерінің пайда болуы, әлем табиғатының күрделілігін түсіну, адами жетілу
деңгейіне ұмтылу.
Адам
–
сүтқоректілер класына жататын, тік жүретін, қолы еңбекке икемді, дамыған миы
бар биологиялық тіршілік иесі.
Қоғамдық тіршілік иесі
ретінде
: адам саналы түрде әлемді бейнелеп қоймайды, сонымен
бірге оны өз қажеттілігі мен мүддесіне сәйкес өзгерте алады.
Тарихи процестің субъектісі ретінде:
Жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең
жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген
тіршілік иесі.
Адам –
еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынас-тарға түсетін өзара
байланыс жасауға толық қабілетті тұлға.
Субъект –
адамзат белсенділігі түрлерін тасымалдаушы адам.
Индивид –
(лат.individuum – бөлінбейтін, особь) – психофизиология-лық қасиеттерімен қоса,
жеке тұлға мен жеке дара адамның дамуының негізін қалаушы санатындағы тұтас және
қайталанбайтын түрдің өкілі ретіндегі адам.
Индивид –
өзіне тән барлық ерекшеліктерімен
бірлікте алынған нақты адам.
Жеке дара адам
– адамның қайталанбас ерекшеліктерімен ерекшеленетін жеке дара адам.
Жеке адам
немесе
тұлға
(личность) - өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамы-туға қабілетті қарым-
қатынас пен саналы іс-әрекет субъектісі,
оның басты белгісі
–
әлеуметтік мәнінің
болуы,
әлеуметтік функцияларды
(болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты)
атқаруы,
саналылығы, жауапкершілілігі, бостандығы, қадірқасиеті және даралығы
.
Жеке адамның дамуы немесе қалыптасуы
белгілі бір мамандықты меңгерген, жан-жақты
білімі бар, әлеуметтік-экономикалық дамуға өз үлесін қоса алатын, қазіргі ғылыми-
техникалық прогрестің дамуына сәйкес келетін, ЭЕМ-мен жұмыс жасай алатын, өзі
әрекет үстінде және басқаларды да әрекетке жұмылдыра алатын адам.
Достарыңызбен бөлісу: |