Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет114/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Әлеуметтендіру
 

 
әлеуметтік ақиқатты жеке тұлғаның меңгеруі. 
Әлеуметтендіру процесінде адам әлеуметтік нормаларды меңге-реді, әлеуметтік ролдерді 
орындау тәсілдері мен қоғамдық мінез-құлық дағдыларын игереді. 

 
Әлеуметтендіру 
жеке тұлғаға қоғамда тең құқылы мүше санатында болуына мүмкіндік 
береді.

 
Әлеуметтендіру
жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткін-шек ұрпақты оқыту мен 
тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, 
дағды-іскерлік-терді, біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен салт-дәстүрлерді, әдет-
ғұрыптар мен жол-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгеру 
арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік экономикалық 
құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.
2. 
Жастарды әлеуметтендіру процесі, академик 
И.С.Конның
зерттеуінше, 11-12-23-25 жас 
аралығын қамтиды. Бұл екі аралық 
үш кезеңге
бөлініп қарастырылады. 
І ші кезең
11-12-14-15 жас аралығын
қамтиды. Бұл кезең бозбаланың, яғни балалық пен 
жігіттіктің екі аралығындағы әлеуметтену кезеңіне жатқызылады. Бозбалалық шақ осы 
сөздің биологиялық мағынасында алып қарағанда, жас азаматтың жыныстық жағынан 
пісіп-жетілуі. Ал әлеуметтік тұрғыдан, бұл шақ баланың отбасында, балалар бақшасында, 
бастауыш сыныптарда басталған әлеуметтендіру процесінің заңды жалғасы. Бұл 
жастағылардың 
негізгі іс-әрекеті – оқу
. Яғни, олардың бірі қалмастан бәрі түгел 
оқушылар. Жалпы бұл шақ балалықтың аяқталу, өсіп, ер жетудің басталу кезеңі ретінде 
суреттеледі. 


76 
ІІ кезең
14-15-17-18 жас аралығын 
қамтиды. Бұл мезгіл аралық әлеметтену немесе 
жасөспірімнің әлеуметтенуі деп аталады. Биологиялық тұрғыдан, бұл мезгіл – пісіп жетілудің 
аяқталу кезеңі. Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы әр қилы. Біреулері – жалпы 
орта білім беретін мектептердің, не кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары, 
екіншілері – арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері, ал үшіншілері болса – 
дербес еңбек жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл шақта олардың қоғам алдындағы 
жауапкершіліктері де арта түскен: 14 жасында ер балалар мен қыздар түрлі Жастар 
ұйымдарының қатарына өтсе, 16 жасында жеке куәлікті алады, ал 18 жасында депутаттарды 
сайлауға қатысуға және сайлануға құқылы. Сонымен қатар, бұл мезгіл жасөспірімнің өз 
тағдырын өзі шешуге ұмтылушылық, өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеуге құштарлық кезеңі. 
Олар үшін ең жауапты, терең әлеуметтік мәні бар басты міндет – мамандық таңдау, өмірден өз 
орнын таба білу. Жалпы жастық шақ әлеуметтендірудің бастапқы формасының аяқталу мезгілі 
ретінде қарастырылады. 
ІІІ кезең
17-18-23-25 жас аралығын
қамтиды. Бұл екі аралық орнықты, яғни біржола 
әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады. 17-18-23-25 жас аралығындағы азамат 
биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да ер жеткен, естияр адам. Оның 
әлеуметтік-психологиялық бейнесі енді жасына қарап емес, керісінше, мамандығына, 
әлеуметтік орнына қарап анықталады. Оларға білім беру жалпылама емес, арнаулы 
кәсіптік сипатта жүргізіледі. Оның үстіне кәсіптік-техникалық училищедегі арнаулы 
және жоғары оқу орындағы оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде қаралады. Жас 
азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады. Жалпы қоғам бұл екі аралықтағы 
жастарға тек әлеуметтендірудің объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-
өндірістік қызметтің белсенді субъектісі ретінде қарайды. Олардың еңбектегі 
жетістіктерін «үлкендердің» өлшемімен бағалайды. Олардан еңбекке деген құлшынысты, 
творчестволық қатынасты талап етеді. Ал, 25 жастан кейін әлеуметтенген, қалыптасқан 
ересек адамның әрі қарай дамуы басталады. 

Еңбек әрекетіне деген қатынасқа қарай ғылымда әлеуметтендіру кезеңі Г.М.Андреева 
бойынша – 
еңбекке дейінгі

еңбектену кезеңіндегі
және 
еңбектен кейінгі болып бөлінеді

Бұл кезеңдердің өзі бірнеше шағын кезеңдерден тұрады.
Әлеуметтенудің еңбекке дейінгі
кезеңі адамның еңбек әрекетімен шұғылданғанға дейінгі 
кезеңін қамтиды. Өз кезегінде бұл кезеңнен екі немесе одан да көп өз бетті деңгейлер 
бөлінеді: 
а) 
Ерте әлеуметтену
(нәрестелік (туғаннан 1 жасқа дейін); ерте балалық (1-3 жас); мектепке 
дейінгі (3-6 жас)) баланың өмірге келген сәтінен бастап мектеп табалдырығын аттағанға 
дейінгі кезеңді қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында бұл кезең – 
ерте балалық шақ
деп аталады. 
ә) 
Жасөспірімдік кезеңнің барлығын қамтитын оқыту (білім алу) кезеңі
(төменгі сынып 
жасы (6-10 жас); кіші жеткіншек шақ (10-12 жас); ересек жеткіншек шақ (12-14 жас)). 
Әрине бұл кезеңге мектептегі шақ жатады. Жоғарғы оқу орындары немесе техникумда 
білім алу кезеңі туралы әр түрлі пікірлер бар. Егер кезеңдерді бөлудегі басты критерий 
еңбек әрекетіне қатынас болса, жоғары оқу орны, техникумдар және басқа да білім беру 
формалары келесі кезеңге жатқызылмайды. Бір жағынан, аталған оқу мекемелеріндегі 
оқыту спецификасы мектептен өзгеше, демек еңбек әрекетімен тікелей байланыста 
болғандықтан, белгілі схемаға сәйкес еңбекке дейінгі кезеңге жатқызылмауы тиіс деген 
де ой бар. Әйтсе де студенттік кезең – қоғамдағы әлеуметтік топтардың ең 
маңыздыларының бірі болғандықтан, осы топтағы әлеуметтену мәселесі өзекті болмақ. 
Еңбектену кезеңі
демографиялық шекарасы шартты түрде болғанына қарамастан 
әлеуметтенудің бұл кезеңі ересектік (толысу) кезеңін қамтиды. Бұл кезеңді анықтау еш 
қиындық тудырмайды - өйткені бұған адамның еңбекпен шұғылданғандағы барлық жас 
шамасы енеді (ерте бозбалалық шақ (15-17 жас); бозбалалық шақ (18-23 жас); жастық 
шақ (23-30 жас); ерте толысу шағы (30-40 жас); кеш толысу (40-55 жас); жастық шақ (55-


77 
65 жас). Бұл кезеңде жеке тұлға әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана емес, оны жаңадан 
жинақтай да алады. 
Еңбектен кейінгі
кезеңді қарастыру, әрине күрделі мәселе (кәрілік (65-70 жас); ұзақ өмір 
сүрушілер (70 жастан жоғары)). Өйткені бұл мәселе әлде болса кейінгі өзекті мәселелер
қатарында. Қарттық кезең мәселелері бүгінгі қоғамдағы бірталай ғылым салалары үшін 
де көкейкесті. 
Адамның тіршілік ету уақытының ұзаруы – бір жағынан, мемлекеттің әлеуметтік саясаты 
(зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесі) – екінші жағынан халық құрылымында 
қарттық жастың маңызды орында екендігін аңғартады. Көбіне зейнеткер деп аталатын 
әлеуметтік топ өзінің еңбек потенциалын сақтай алады. Бүгінгі Геронтология және 
Гериатрия ғылымдарының қарқынды дамуы да осының айғағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет