ІІ кезең . ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына дейін.
Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған маман-дарды даярлауда
әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемалардың бірі
еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру,
оларды жаңа жағдайда қайта құру, кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру, кәсіби
білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.
ІІІ кезең . ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық
психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі дамуы білім мен іскерлікті
қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның
теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкелді (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин,
А.В.Запорожец,
Д.Б.Эльконин
зерттеулері).
60-жылдардағы
кибернетика,
бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу
теориясының негізінде (П.Я.Гальперин) бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді.
80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке
тұлғаны зерттеу контексінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның
ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден айырмашылығы) кәсіби іс-әрекеттің
жетістігінің және
сенімділігінің факторы бола алады.
2. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі, тіршілік көзі болып
табылады.
Мамандық – белгілі адамға тиесілі білім, іскерлік және дағды жүйесі ретінде де
сипатталады.
Мамандықты
суреттеудің жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды:
1.
әлеуметтік-экономикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы
жүйесіндегі орны, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы,
мамандықтың мәртебесі);
2.
өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс орны,
еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер);
3.
санитарлық-гигиеналық (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты
және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі, медицинаға кері
көрсеткіштер);
4.
психофизикалық (мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне
қоятын талабы).
Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі (А.Н.Леонтьев бойынша):